74 rob
Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі науқан шеңберінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР ОСК баспасөз қызметі, деп хабарлайды DKNews.kz.
Отырысқа саяси партиялардың, Бас прокуратураның, әділет, ішкі істер, қаржы министрліктерінің өкілдері, БКБ режимінде — облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Отырыста келесі мәселелер қаралды:
- Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының жаңа енгізілімдері туралы;
- Саяси партияларды партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысуға жіберу туралы;
- «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған кезектен тыс сайлауда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды ұсыну тәртібі туралы»;
- Сайлауды байқау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерді, коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы.
Отырысты аша отырып, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясы сайлау заңнамасын түсіндіруге және сайлаушыларды, сондай-ақ сайлау процесіне қатысушылардың барлығын сайлау науқанының барысы туралы хабардар етуге көп көңіл бөлетінін атап өтті.
Мемлекеттік билік құрылымдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, саяси партиялардың және барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіретін бұл қызмет сайлау процесі субъектілерінің сайлау және құқықтық мәдениеті мен сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған, сондай-ақ республика азаматтарын мемлекетті басқару процесіне тартуға ықпал етеді.
Орталық сайлау комиссиясы отырыстар кезінде де, диалогтық және сараптамалық алаңдарында да жүйелі негізде түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады.
Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлауды ұйымдастырушылар мен қатысушыларға қойылатын негізгі талап – заңдылықты қатаң сақтау екенін атап өтті. Орталық сайлау комиссиясы ағымдағы сайлау науқанының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдайтын болады.
Источник: qazaq.asia