Ақтауда жоғары қабаттан лақтырылған жиһаз салдарынан ер адам сал болып қалды Кеше, 13:53

Ақтауда жоғары қабаттан лақтырылған жиһаз салдарынан ер адам сал болып қалды
Кеше, 13:53

Ақтауда жоғарғы қабаттан лақтырған диван ер адамның үстіне түскен. Салдарынан оның мойын омыртқасы сынып, облыстық ауруханаға жеткізілген, —

  • АВТОР
  • Гүлнара Досымшалова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Ақтауда жоғары қабаттан лақтырылған жиһаз салдарынан ер адам сал болып қалды

Ақтауда жоғарғы қабаттан лақтырған диван ер адамның үстіне түскен. Салдарынан оның мойын омыртқасы сынып, облыстық ауруханаға жеткізілген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Inaktau.kz басылымына сілтеме жасап.

Зардап шегушінің туыстарының айтуынша, оқиға 12 қаңтарда 13:00 шамасында болған. Тұрғындар алтыншы қабаттағы пәтерден жиһазды лақтырып, ол 39 жастағы ер адамның үстіне құлаған. Оны ес-түссіз күйде жедел жәрдем көлігі алып кеткен.

«Ол жерде 11 баласы бар көпбалалы отбасы тұрады дейді. Оқиға кезінде үйде 12-13 жас шамасындағы жасөспірім болған екен. Ал ата-анасы үйде болмапты. Диванды лақтырған сәтті көрген куәгерлерлер болса +7 702 811 03 82 телефонына хабарласуын сұраймыз», – дейді зардап шеккен ер адамның ағасы.

Туыстары ер адам қазір ауруханада екенін, мойын омыртқасы үзіліп, аяқ-қолы сал болып қалғанын айтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика