257 rob
Фотосурет: Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы
9 қараша күні Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Жастық мөлтек ауданы мекен жайында орналасқан үйдің шатырында ер адам өз өзіне қол жұмсамақ болып, секірмек болғаны бойынша сағат 15:32-де «101» пультіне хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Оқиға орнына 6 құтқарушы мен 1 бірлік техника шықты. Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп 5 қабатты тұрғын үйдің шатырынан 1983 жылғы туылған ер адам шатырдан секіргісі келгенін анықтады.
Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Бекбаев Рустам пен бөлімше командирі Тажигулов Нурболат эмоциональды күйдегі 40 жастағы ер адамды алдымен сабырға шақырып, әңгімелесу жүргізіп, нәтижесінде бұл қадамға бас таруға көндіріп, өмірін аман алып қалды.
40 жастағы ер адам отбасындағы жанжал салдарынан осындай қадамға баруға шешім қабылдаған. Күйзелістегі ер адам полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Құтқарушылар сіздерге әрқашан қиын жағдайға тап болсаңыздарда әр қиындықтың шешімі бар екен, өзіңізді және жақындарыңызды қорғау керек екенін ескертеді!
Источник: qazaq.asia