Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бесқұдық ауылынан шығып кетіп, хабарсыз қалған 8 және 9 сынып оқушылары ағасының үйінен табылды. Олардың Хромтау
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
polisia.kz
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бесқұдық ауылынан шығып кетіп, хабарсыз қалған 8 және 9 сынып оқушылары ағасының үйінен табылды. Олардың Хромтау ауданына қалай жеткені тексеріліп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, олар апалы-сіңлілі оқушыларды Хромтау қаласынан тапқан.
«Қыздар полиция бөліміне жеткізілді. Полиция бөліміне оқушылардың әжесі шақырылды. Олардың үйден кетіп қалу себебі анықталады. Облыстық полиция департаменті еріктілер мен көмектескен адамдарға алғыс айтады»,- деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Полиция департаменті кәмелетке толмағандарды іздеуде көмек көрсеткен еріктілер мен барлық оқиғаға бей-жай қарамайтын азаматтарға алғысын білдіреді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: qazaq.asia