181 rob
10 қаңтар күні сағат 11..42-де Хромтау ауданының Никельтау ауылынан 7 шақырым қашықтықта Хромтау-Никельтау тас жолында МТЗ-82 тракторы ақаулығы салдарынан жолда тұрып қалғаны, көлік ішінде үш жолаушы бар екені туралы ақпарат келіп түсті. Шақырту орнына құтқарушылар жіберілді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Құтқарушылар 3 адамды, оның ішінде бір баланы құтқарды.
Сонымен қатар, 10 қаңтар күні Хромтау ауданына қарасты «Самара-Шымкент» тас жолы атап айтқанда «Ақжар-Бөгетсай» аралығында жүк көліктері тұрып қалды.
Хромтау ауданының әкімдігі төтенше жағдайлар бөлімі бірлесіп, эвуакациядан бас тартқан 12 жүргізушіге азық-түлік әкеліп таратты.
Сонымен қатар, 10 қаңтар күні сағат 12.25-те Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы ауданы арқылы өтетін Ақтөбе-Астрахань тас жолының 85 шақырымында жүк автокөлігі жолдың бойында тұрып қалғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жылыту құралдары әкелініп, автокөлік ақаулықтары жойылды. Қазіргі таңда жолаушы жолын жалғастыруда.
Ақтөбе облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарынан жолдардың жабылғаны туралы СМС- хабарлама алған кезде жолға шықпауға кеңес береді.
Источник: qazaq.asia