Ақтөбе облысы «ЖАМАҚХАНА» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізеді

Ақтөбе облысы «ЖАМАҚХАНА» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізеді

339 rob

Фотосурет: Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 13-17 қараша күндері аралығында ішкі істер органдарымен бірлескен «ЖАТАҚХАНА» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

«ЖАТАҚХАНА» республикалық акциясы аясында құтқарушылар-өрттің алдын алу, азаматтарға өрт кезінде өздерін және мүліктерін қалай қауіпсіз сақтау керектігін ескертеді, ал полиция қызметкерлері — көші-қон заңнамасы мен қоғамдық тәртіптің қадағалайды.

14 қараша күні полиция органдары жергілікті атқарушы органдар және Хабар-24, Ақтөбе, Рика телеарналарының  қатысуымен «ЖАТАҚХАНА» Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шарада жатақхана тұрғындарына құтқарушылар өрт қауіпсіздігі талаптары, электр жабдықтары мен тұрмыстық техниканы пайдалану кезінде ережелердің бұзылуына жол бермеу, жылу жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі, тұрмыстық газ құралдарын пайдалану, төсекте темекі шегу және балалар еркелігі бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика