216 rob
Фотосурет: Жетісу облысы ТЖД
ТЖ алдын алу саласындағы ақпараттық сауаттылықты арттыру мақсатында қала тұрғындары мен облыс орталығының қонақтары арасында Талдықорған қаласы әкімдігінің қатысуымен арнайы ақпараттық баннерлер орнатылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Автобус аялдамаларының витриналарында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша талаптар орналастырылған:
тұрғын үй секторындағы, адамдар көп жиналатын орындардағы, автокөліктегі өрт қауіпсіздігі қағидалары, зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек, судағы, өрт қауіпті кезеңдегі қауіпсіздік қағидалары.
Үгіттік-профилактикалық автобус аялдамалары қала әкімшілігінің сыйы болып табылады және азаматтар мен облыс орталығының қонақтарын барынша қамту мақсатында адамдар көп жиналатын орындарда (сауда орталықтары, базарлар, жоғары оқу орындары мен тұрғын үй алаптары) орнатылған.
Источник: qazaq.asia