Ақмола облысында «Көпшіліктің пікіріне тәуелділік» тақырыбында әлеуметтік ролик әзірленді

Ақмола облысында «Көпшіліктің пікіріне тәуелділік» тақырыбында әлеуметтік ролик әзірленді

158 rob

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қолдауымен Атбасар ауданының Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы шеңберінде өрт туындаған жағдайда халықты іс-қимыл жасауға оқыту мақсатында «Көпшіліктің пікіріне тәуелділік» тақырыбында әлеуметтік ролик әзірленді, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Елестетіп көріңіз, сіз өз бөлмеңізде отырсыз, кенеттен өрт дабылы қосылып, есіктің астынан түтін көрінді. Егер сіз қазір бөлмеден шықпасаңыз, онда сіз тұншығып қалуыңыз мүмкін. Сіздің қандай әрекет ететініңіз анық. Бірақ қазір сізбен бір бөлмеде тағы 10 адамның барын және де олардың мұндай әрекет кезінде түк істемей отырғандарын елестетіп көріңізші Атбасар ауданы ТЖБ бастығы Ерболат Ашкенов

Аталған экспериментке Атбасар ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлері мен аудандық мәдениет бөлімінің актерлері қатысты. Осылайша, басты кейіпкерлердің түтінге оранған бөлмеде жалғыз болған кезде қандай шешім қабылдайтынын байқауға болады – олар бөлмеден тез арада кетуді шешеді және көпшіліктің арасында болған кезде қандай шешімдер қабылдайды – басқалардың қалай әрекет ететінін бақылайды, бірақ өздері алғашқылардың бірі болып шешім қабылдамайды. Алайда, кейіпкерлердің біреуі ғана көпшіліктің ықпалына бағынбаған.

Бұл эксперимент 10 рет жүргізілді, орташа есеппен алғанда кейіпкерлер 13 минутқа қалған болатын, өрт кезінде адамдар осы уақыт ішінде қайтыс болатынын ескере кеткен жөн.

Жоғарыда аталғанның негізінде, өзгенің пікіріне тәуелділік – бұл басқа адамдардың пікірлеріне байланысты немесе басқа адамдардың пікірлерін ақтау үшін бір нәрсеге мәжбүрлеу арқылы өздерін басып тастайтын психологиялық жағдай деп айтуға болады. Яғни, бұл адамды басқаларға қажет нәрсені жасауға мәжбүр ететін психологиялық қысымның бір түрі.

Алайда, сіз басқалардың пікіріне тәуелді бола алмайтыныңызды, нақты шешімдер қабылдап, дүрбелеңге салынбау қажеттігін ұмытпаңыз. Есіңізде болсын: болашақта не болатынын және қандай әрекет сізді алға жетелейтінін ешкім білмейді. Өз интуицияңызға сеніңіз және өз таңдауыңыздан қорықпаңыз – сізді өзіңізден артық ешкім білмейді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика