Ақмола облысында жер учаскелерін бизнеске бөлу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды

Ақмола облысында жер учаскелерін бизнеске бөлу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды

332 Awrora

Фотосурет: ашық дереккөздерінен

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын зерттеу мақсатында жер учаскелерін бизнеске бөлу және олардың қолжетімділігі, сондай-ақ бизнес объектілеріне инфрақұрылымды жеткізу (желілерге қосылу) мәселелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Департамент сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамына кіру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатысуға шақырылады.

Азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын қабылдау үшін anticorruption1494@mail.ru электрондық поштасы, сондай-ақ 8 (7162) 29-66-24 байланыс телефоны жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Департаментке Antikor ortalyǵy алаңы (Көкшетау қаласы, Назарбаев даңғылы, 71/1) арқылы жүгіну мүмкіндігі қарастырылған.

Барлық мүдделі азаматтарды ынтымақтастыққа және қатысуға шақырамыз!

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика