Ақмола облысында білім беру саласындағы қылмыстық іс бойынша ұсыныс қаралды

Ақмола облысында білім беру саласындағы қылмыстық іс бойынша ұсыныс қаралды

334 Awrora

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы Білім басқармасының басшылығымен және ұжымымен, сондай-ақ басқарманың ведомстволық бағынысты құрылымдарымен мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Онлайн-кездесуге қатысушылар ҚПК-нің 200-бабы тәртібімен енгізілген өңірдегі колледждердің бірінің басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іске ұсынысты қарады.

Қайталанған құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өңірлік Антикор заңнаманы бұзған тұлғаларға қатаң тәртіптік шаралар қолдану, бағыныстылардың қызметіне басшылардың бақылауын күшейту, бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына тиісті бақылауды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормаларын түсіндіру бойынша қызметкерлермен тұрақты негізде сабақтар өткізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, нақты ұсынымдар әзірлеуді ұсынды.

Енгізілген ұсыныс қорытындысы бойынша оқу орнының кінәлі лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Кездесу барысында Департамент басшысы Арман Рахимов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалық өзгерістерді түсіндіріп өтті. Атап айтқанда, ол өзіне бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін және ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін басшылардың дербес жауапкершілігін еске салды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың басынан бастап лауазымды тұлғалардың негізсіз байығаны үшін жауапкершілігі енгізіледі және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын азаматтарды қорғау шаралары күшейтілді.

Сонымен қатар, спикер білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Айта кетейік, бүгінгі таңда білім беру саласының квазимемлекеттік секторының 200-ден астам ұйымында комплаенс бойынша мамандар тағайындалды.

«Биылғы жылы ішкі талдаулар арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша мемлекеттік органдар басшылары қабылдайтын шаралардың тиімділігі қаралатын болады. Сондықтан ішкі талдаулардың сапасын арттырып, олардың уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету қажет», — деді Арман Рахимов.

Өз кезегінде білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика