50 миллион теңгенің орнына 60 мың теңге. Павлодар облысында жерге қатысты заңбұзушылықтар анықталды Кеше, 12:54

50 миллион теңгенің орнына 60 мың теңге. Павлодар облысында жерге қатысты заңбұзушылықтар анықталды
Кеше, 12:54

Павлодар облысында жерге қатысты конкурстық рәсімдерді елемей, төлемді азайтып, лауазымды тұлғалардың құзыретіне кірмейтін шешімдер қабылдаған

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысында жерге қатысты конкурстық рәсімдерді елемей, төлемді азайтып, лауазымды тұлғалардың құзыретіне кірмейтін шешімдер қабылдаған елеулі заңбұзушылықтар анықталды , — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Павлодар облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы шамамен 70 пайыз жер бар, олардың басым бөлігі жеке меншікте және жер пайдалануда.

«Тексеріс барысында елді мекендер шегінде жайылымдық жерлер мен егістіктер үшін жер учаскелерін беріп, міндетті конкурстық рәсімдерді елемей, пайдаланғаны үшін төлемді азайтып, лауазымды тұлғалардың құзыретіне кірмейтін шешімдер қабылдаған елеулі заңбұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, бір учаске бойынша жалға алудың жылдық құны 50 миллион теңгенің орнына 60 мың теңге деп белгіленген», — делінген хабарламада.

Халықтың қажеттіліктері үшін жайылымдық жерлер тапшылығы бола тұра, олар «бір қолға» берілгені анықталды.

«Мысалы, Ертіс ауданында 47 мың гектар тапшылық болса да, жер жеке тұлғаларға заңсыз берілген.

Осындай фактілердің бірі бойынша аталған ауданда сот тәртібімен ауданы 3 мың гектардан асатын жайылымдарды қайтару қамтамасыз етілді».

Жер қатынастары саласында лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.

Тексерулер жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика