218 Арман
Қазақстан Республикасы Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу аяқталды. Ұлттық комиссияның шешімімен Резервке 50 адам қабылданды. Іріктелген кандидаттардың тізімі pkrezerv.gov.kz. сайтында жарияланды.
Жалпы Ұлттық комиссияның қарауына жіберілген 100 үміткердің қорытынды кезеңнен өтпей қалған 50-іне өңірлік кадрлық резервтерге өту ұсынылады.
Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған азаматтар саяси лауазымдарға, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, «Б» корпусының басшылық лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. Резервте болу мерзімі – 3 жыл.
Источник: qazaq.asia