Шымкент қаласында жол инфрақұрылымы мен көлік саласын дамыту бағытында ауқымды жұмысты қолға алынған. Статистикаға сәйкес, Шымкент қаласы автокөліктердің көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрған қалалардың бірі. Осыған орай соңғы жылдары қалада жол құрылысы жоғары қарқында жүргізілуде.
Шымкент қаласы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 3 247,6 шақырым болса, жыл соңына дейін жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2 %-ға жеткізу мақсаты тұр.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан биыл орталық магистраль және ішкі орам көшелеріне, жалпы 245 нысанда орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 209 нысанда құрылыс жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар, орталық жол жамылғысы тозған магистральды 31,1 шақырым 15 көше орташа жөндеуден өтуде.Қаланың Оңтүстік бағыттағы жалғыз кірме-шығыс жолына жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда.
Сонымен бірге, Бәйдібек би-Арғынбеков көшелерінің қиылысында 3 деңгейлі жолайрықтың құрылысы қарқынды іске асырылуда. Қазіргі уақытта жұмыстар 95% орындалды. Жолайрық құрылысын 2023 жылдың соңына дейін толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.Сондай-ақ, Өтегенов көшесінің жалғасы құрылысы Шымсити шағынауданынан Төлеметов көшесіне дейінгі аралықта, ұзындығы 2,2 шақырым бойынша жүргізілуде. Қазіргі таңда құрылыс нысанында жұмыстар 85 % орындалды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно Источник: Шымкент қаласы әкімдігі
Источник: qazaq.asia