2023 жылдың айшықты оқиғалары

2023 жылдың айшықты оқиғалары

242 rob

Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Желтоқсан айы — өткенге көз жүгіртіп, жыл бойы атқарылған іс-әрекетке шолу жасайтын, алдағы міндеттерді айқындау үшін есеп беретін маңызды ай.

Осы тұста біз де өткен кезеңде орын алған айшықты оқиғалар мен маңызы бөлек іс-шараларға талдау жасауды жөн көрдік.

Олай болса, құқықтық тәртіп әскерінің 2023 жылы орындалған басты оқиғалар тізбегін назарларыңызға ұсынамыз.

ҚАҢТАР

10 қаңтар – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскерлерінің құрылған күніне орай «Ұлттық ұлан – ұлт рухы» атты Гала-концерті өтті.
19 қаңтарда ҚР Қарулы күштері Ұлттық ұланның әскери тәрбие құрылымдарына 30 жыл толды. 

Астана қаласындағы елордалық жедел бригадасында өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшыларымен, Ұлттық ұлан Академиясының бастығымен, құрамалар мен әскери бөлімдердің командирлерімен және олардың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасарларымен оқу-әдістемелік жиын өтті. 

АҚПАН

ҚР ІІМ орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен барып, екіжақты ынтымақтастықты дамытты.

НАУРЫЗ

ҚР Ішкі істер министрі мен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Түркия мен Сирияға гуманитарлық жүктерді тасымалдауға қатысқан әскери қызметшілерді марапаттады.

Олардың қатарында 3656 әскери бөлімінің литерлік авиация жасағының кеме командирі аға лейтенант Берікболсын Хабиболлаға «Жауынгерлік ерлігі үшін», ал майор Құрманғали Топановқа II дәрежелі «Айбын» ордені табысталды. 

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығына Сербия Республикасының «Yugoimport» компаниясының делегациясы арнайы келді. 

СӘУІР

ҚР Мәжілісі Сенатының Асқар Шәкіров бастаған халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары 5573 әскери бөліміне келді. 
7 сәуір – Ерлік күніне орай «Қазбат» жауынгерлерінің құрметіне ашылған Ерлік аллеясындағы «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. 
Өзбекстаннан «Ташкент жолаушылар вагондарын жасау және жөндеу зауыты» басшылығымен шығарылған арнайы вагондар Ұлттық ұланға жеткізілді.

14 сәуірде Бас қолбасшылықта ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақановтың төрағалығымен әскердегі қызметтік-жауынгерлік әрекеттің қорытындысы бойынша Әскери кеңес өтті.

МАМЫР

3 мамырда Кеңес Одағының Батыры полковник Б. Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімі жедел мақсаттағы батальонының жеке құрамы алғаш рет Қонаев қаласында қоғамдық тәртіпті қорғауға кірісті.

Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов «генерал-лейтенант» әскери шенін алды. Сондай-ақ, Халық қаһарманы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие жұмысының орынбасары полковник Қайрат Үмбетовке «генерал-майор» жоғары әскери шені табыс етілді.

5 мамырда Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Бас қолбасшысы Бүкілармиялық кеңес өткізді.

МАУСЫМ

Астана қаласында жыл сайын өткізілетін Ұлттық ұланның «Әскери керней» әскери оркестрлер сайысы өтті. Шара Астана қаласының 25 жылдығына арналды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ұлан Академиясының курсанттары үздік түлектер Өмір Тілеген мен Ерболат Керімбековке погондар тапсырды.  

ШІЛДЕ

ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының ақпараттық-насихат тобы «Жаңа Қазақстан – жаңа ұрпақ» республикалық акциясы аясында онкүндік іссапарда болды.
 Жаңаөзен қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін 5548 әскери бөлімі өздерінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті.
Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөлімінің базасында «Бүркіт» арнайы жасақ жауынгерлері күрең берет кию үшін сынақтан өтті.

ТАМЫЗ

Бас қолбасшылықта маңызды ведомствоаралық жұмыс кездесуі өтті. Оған Әскери полиция басқармасының, Бас әскери прокуратураның әскери полиция департаментінің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция Бас басқармасының, Қорғаныс министрлігінің, Орталық өңірлік әскери тергеу басқармасының өкілдері қатысты.

3656 әскери бөлімінің әскери қызметшілері шеберліктерін арттырып, нормативтерді орындау барысында алғашқы рет парашюттен секірді. 22-24 тамыз аралығында өткен оқу-жаттығу барысында барлығы 35 әскери қызметші 2 реттен норматив тапсырмаларын орындады. 

ҚЫРКҮЙЕК

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізіп, Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденовты тағайындады.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 3477 әскери бөлімінің Дағдарысқа қарсы оқу орталығының базасында желілік батальондар командирлерінің бескүндік жиыны өтті. Кәсіби деңгейді жетілдіруге барлық өңірліктен елуд           ен астам офицер қатысты.
Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Ризабек Айтмұхан еркін күрестен ел тарихындағы алғашқы «алтынды» жеңіп алып, Әлем чемпионы атанды. Бұл алтынды Қазақстан 25 жыл күткен болатын. 

ҚАЗАН

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ауғанстан Ислам Әмірлігіндегі жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ұлттық ұланның 3656 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жіберілді. Олар Шымкент әуежайынан зардап шеккендерге табысталатын гуманитарлық көмекті әуе арқылы тасымалдау үшін Y8F200W бортының экипажы Герат қаласына бет алды. 8 адамнан тұратын экипажды тәжірибелі ұшқыш-борт командирі майор Құрманғали Топанов басқарды.
Бас қолбасшылықта ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Бас қолбасшы генерал-лейтенант Еркін Ботақановтың төрағалығымен Әскери кеңестің кезекті кеңейтілген отырысы өтті. Әскери кеңесті ағымдағы жылдың 9 айындағы әскердің қызметтік-жауынгерлік қызметі қорытындыланып, алдағы кезеңге міндеттер қойылды.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы үш жылда бір келетін инспекторлық тексерістен өтті. Оған Атырау, Ақтау, Орал қалаларында орналасқан Ұлттық ұланның әскери бөлімдері қатысты. 

Республика күні қарсаңында Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік әрекетте ерекшеленген үздік әскери қызметшілер марапатталды. «Орталық» ӨңҚ Ардагерлер кеңесінің төрағасы генерал-майор Ерсайын Рүстемханов «Құрмет» орденімен, генерал-майор Бауржан Әбжанов II дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Орталық» ӨңҚ қолбасшысының орынбасары полковник Владимир Березовиков II дәрежелі «Айбын» орденімен және 5571 әскери бөлімінің аға маманы аға сержант Жарқынбек Айдарханов «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, «Шығыс» ӨңҚ 3477 әскери бөлімінің сарбазы ефрейтор Тілек Құмарбек марапатталды. 

ҚАРАША

Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесі туралы Шымкент қаласында «BURKIT» көркемфильмінің тұсаукесері өтті. Арнайы мақсаттағы бөлімше туралы түсірілген көркем туынды Әскери антқа және қызметтік міндетке деген адалдықты және бөлімшенің негізгі міндеттерін насихаттайды. 
«Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысына 20 жыл толды. Оның жасақталу тарихы 6506 әскери бөлімінен бастау алады. Қанатын кеңге жайған патриоттық клуб бүгінде еліміздің барлық қалаларында ашылған. 

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері алғаш рет Түркістан облысының полициясымен бірге қызметке кірісті. Түркістан облысы Полиция департаментінің аумағында 6506 әскери бөлімінің арнайы жедел мақсаттағы 3 батальонның әскери қызметшілерінің гарнизондық саптық байқауы өтті.

ЖЕЛТОҚСАН

Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімі 25 жылдығын атап өтті. 

Ұлттық ұланның авиациясы үшін екінші Y8F200WA көпмақсатты орта көлік ұшағын жеткізді. Ұшақты Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі жанындағы әскери атташе аппараты және Қытайдың авиация өнеркәсібі корпорациясының «CATIC» компаниясы жүзеге асырды.

Ұлттық ұлан үшін Қоян жылында есте қалған айшықты іс-шаралар тізбесі осындай. Ел іші тыныш болсын, еліміз аман болсын! 2024 жылда аман-есен жүздескенше!

Лейтенант Құралай ЖҰМАҚЫЗЫ

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика