2022 жылдың қорытындысы бойынша Цифрлық министрлікте кеңейтілген алқа отырысы өтті

2022 жылдың қорытындысы бойынша Цифрлық министрлікте кеңейтілген алқа отырысы өтті

236 Awrora

Бүгін 26 қаңтар ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті, жиын барысында министрлік жетекшілік ететін бағыттардағы жұмыстың қорытындылары мен басымдықтары талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алқа отырысына Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин, Министрлік қызметкерлері, басқармалар мен ведомствоға қарасты ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Цифрлық ведомство басшысы Бағдат Мусин 2022 жылғы жұмысты қорытындылады, сондай-ақ жетекшілік ететін бағыттардың басымдықтары және 2023 жылға арналған жоспарлар туралы айтты. Министрдің айтуынша, бүгінде проактивті қызметтер енгізілуде, олардың жалпы саны 40-қа жетті.

Проактивті тәсіл — «Invisible Government» тұжырымдамасын іске асыру кезеңдерінің бірі болып саналады. Ол дегеніміз, азамат үшінші тұлғалардың қатысуынсыз өмірдің барлық кезеңдерінде мемлекетпен өзара іс-қимыл жасай алады.

«Біздің стратегиялық міндетіміз — әрбір өмірлік жағдайды талдау, азаматтың нені бастан өткеретінін түсіну, кедергілерді жою және бәрін ыңғайлы әрі түсінікті процеске көшіру. Ол үшін фокус-топтар жиналып, нақты мемлекеттік органдар, CDO және т.б. ұйымдар тартылатын болады. Бизнес-процестерді қайта қарағаннан кейін оларды проактивті қызметтерге барынша ауыстыру жоспарлануда» Бағдат Мусин

Сондай-ақ, министр өз сөзінде ХҚКО-ның сервистік қызметтерін оңтайландыру бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын атап өтті. Қазір Қазақстанда 324 орталық бар, өткен жылы 14-і жаңғыртылды, биыл тағы 50-ін жаңарту жұмысы жоспарланып отыр. Таяу болашақта елімізде барлық ұйымдар орналасқан және қазақстандықтар мемлекетпен өзара іс-қимыл жасай алатын және қызметтерді бір жерден ала алатын азаматтарға ыңғайлы және сапалы қызмет көрсетуге арналған бірыңғай кеңістік — СуперЦОНдар пайда болады.

Өткен жылы, «eDensaulyq» сияқты маңызды әлеуметтік электрондық сервистер іске қосылды, онда азаматтардың донорлық мәртебесі, рецептілер, жүкті әйелдерді есепке алу, ауруханаға жатқызу бойынша кеңейтілген ақпарат жинақталған.

«Ұялы байланыс қосымшасы пациентке өзінің жеке медициналық деректеріне қол жеткізуді басқаруға, өзінің ЭЦҚ көмегімен келісімдерге қол қоюға, емханаға бармай-ақ дәрігермен онлайн кейбір мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Дәрігерлер өз кезегінде денсаулық сақтау жүйелеріндегі пациенттің деректеріне қол жеткізе алады. Олар медициналық ақпараттық жүйенің «бір терезесінде» жұмыс істей алады және көптеген құжаттарды толтырудың қажеті болмайды» Бағдат Мусин

Сонымен қатар, министр цифрлық ведомствоның маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі байланыс саласын дамыту екенін атап өтті. Бүгінде Қазақстанда 4,9 мың ауыл кең жолақты мобильді интернетке қосылғанын айтты. Жұмыс 3G орнына 4-ші буынды байланыспен қамтуды арттыруға бағытталған.

ҚР ЦДИАӨМ жұмысының тағы бір бағыты – халықты және бизнесті интернет желісіне (100 Мбит/с) қолжетімді жоғары жылдамдықпен қамтамасыз етуге бағытталған «қолжетімді Интернет» жаңа ұлттық жобасын әзірлеу. Ұлттық жобаның басты іс-шараларының бірі — 3 мыңға дейін елді мекенге оптика төсеу болып отыр. Министрлік Дүниежүзілік банкпен бірлесіп «соңғы миля» Интернетке қосылуға арнайы гранттар береді. 20 қалада 5-ші буын ұялы байланыс желілерін енгізу және салу басталады.

Отырыс барысында ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары, оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев, «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ Басқарма Төрағасы Айдын Айымбетов, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин, «Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркі» Бас директоры Мағжан Мәдиев өз баяндамаларын жасады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика