314 Awrora
Фотосурет: DKNews
19 ақпанда Алматыда дәстүрлі «Winter Run 2023» қысқы жарысы өтеді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Осыған орай, жарыс өтетін көшелерде қозғалыс ішінара шектеледі:
- Назарбаев көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін қозғалыстың солтүстік жағы – сағат 04:00-ден сағат 12:00-ге дейін
- Желтоқсан көшесінен Esentai Mall-ға дейін – сағат 07:40-тан 11:00-ге дейін;
- Esentai Mall-дан Гагаринге дейін – сағат 08:30-дан 10:40-қа дейін.
Әл-Фараби даңғылы бойындағы Меңдіқұлов тұсынан өтетін туннельге кіру 4:00-ден 12:00-ге дейін жабылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы ашық әрі көлік қозғалысы еркін болады.
Сонымен қатар, Алматы көлік холдингі жарысқа байланысты 17 маршруттың схемасы өзгеретінін хабарлайды.
Источник: qazaq.asia