1 ақпаннан бастап Қазақстанда фермерлерден субсидиялауға өтінімдер қабылдау басталады

1 ақпаннан бастап Қазақстанда фермерлерден субсидиялауға өтінімдер қабылдау басталады

301 rob

Фотосурет: АР

2023 жылғы 1 ақпаннан бастап фермерлерден субсидиялауға өтініштер қабылдау басталады. Өтінімді gosagro.kz веб-порталда беруге болады, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі, деп хабарлайды DKNews.kz.

АӨК субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі субсидиялауға өтінімдерді ресімдеу кезінде фермерлер үшін балама ретінде әзірленді. Өтінімдерді берудің, субсидияларды өңдеудің және алудың бірыңғай нүктесі gosagro.kz веб-порталында қолданылады. Жүйе толығымен автоматтандырылған және ақысыз негізде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Субсидиялаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі бюджеттің болуына қарамастан өтінімге реттік нөмір бере отырып, «күту парағы» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бюджет фермер тарапынан қосымша іс-қимылсыз «күту парағында» өтінімдердің кезектілігі бойынша ғана бөлінетін болады. Бұл тәсіл қаражатты бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді және субсидияларды төлеу кезінде адами факторды болдырмайды. «Күту парағына» келіп түскен өтінім мақұлданған болып есептеледі және тек тиісті қаржыландыруды күтеді.

Қазіргі уақытта субсидиялау жөніндегі қызметтерді техникалық пысықтау өтінім берілген сәттен бастап субсидия төленгенге дейін аяқталды.

Қолданыстағы субсидиялау қағидаларына сәйкес фермерлерден өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімдері белгіленген. Негізгі өтінімдер 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап ашылады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика