Вторник, 13 марта 2018 15:57

«Адал ұрпақ» подиум-пікірталасы

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(6 голосов)

2018 жылғы 05 наурызда сағат 12.00-де жыл сайынғы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон «Адал жол-Честный путь» Мега жобасын жүзеге асыру аясында №1 ОМГ КММ «Адал ұрпақ» подиум-пікірталасы» болып өтті. Осы іс-шараның мақсаты - мектептегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне қарсы «нөлдік»төзімсіздікатмосферасын құру арқылы оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту.

Подиум-пікірталасына қатысуға директордың ТЖ жөніндегі орынбасарлары, «Адал ұрпақ» клубтарының жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Көкшетау қаласы білім беру ұйымдарының оқушылары шақырылды. ҚР БҒМ қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Тәрбие және білім» жобасының жетекшісі, ҚР Президенті аппаратының жанындағы Қазақстан балалар қозғалысын дамытудың үйлестіру кеңесінің төрайымы, педагогика профессоры   Дмитриенко Елена Александровна аталмыш іс-шараның құрметті қонағы болды.

Подиум-пікірталас аясында қала мектептерінің оқушылары жасаған сыбайлас жемқорлық бойынша бейне роликтер ұсынылды, дискуссия форматындамектептегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қаралды.

Іс-шара үздік спикер атанған №14 ОМ оқушысы Жанна Сапарова мен №17 ОМГ оқушысы Азамат Жакенді марапаттаумен аяқталды.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 150 раз

Материалы по теме

© 2013-2018 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"