Понедельник, 12 марта 2018 17:08

«Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жетілдіру - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу негізі»

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті Мемлекет басшысының әкімшілік аппараттың жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында әкімшілік реформа жүргізу туралы Жолдауын өз құзіретінің шегінде жүзеге асыра отырып, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау мен жүйелі түрде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу салаларында реттеушілік, іске асыру және бақылауды ұйымдастыру бойынша жұмысты дәйекті әрі бағдарлы жүргізуде.

Мемлекеттік қызметтерді сапалы қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігін көрсетілетін мемлекеттік қызметтер барлық салаларды және адам өмірінің бүкіл кезеңін қамтуымен негіздеуге болады. Өмір бойы, туылған сәттен бастап әрқайсымыз мемлекеттік қызметті алу арқылы мемлекетпен өзара іс-қимыл жасаймыз. Бізге туу туралы куәлік, жеке куәлік беріледі, және де әлеуметтік жәрдемақылар рәсімдеп, кәсіпкерлік рұқсаттар аламыз.

Осыған байланысты, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты түбегейлі өзгертіп қана қоймай, ең алдымен, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үшін стратегиялық міндеттер қойылған.

2017 жылдың 12 айында облыстық органдар 6 060 715 мемлекеттік қызмет (өткен жылдың осы кезеңінде 5 514 622), соның ішінде 4 066 275 жергілікті атқарушы органдармен, ал орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен 1 994 440 қызметтер көрсетілді.

Мониторинг қорытындысы мемлекеттік қызметті алудың ең өзекті әдісі – көрсетілетін мемлекеттік қызметті электронды түрде алу саны - 4 761 841 (өткен жылғы көрсеткіш - 2 455 222), мемлекеттік органдармен 999 096 мемлекеттік қызмет көрсетілгенін (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 938 097 қызмет), соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы 123 845 қызмет көрсетілу мүмкіндігі болғанын көрсетті.

Ақмола облысында 2017 жылғы 12 ай ішінде мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет көрсетілу санының 939 001 (48,4%) азайғанын, ал электронды түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің саны 2 059 925 (43,3%) керісінше өскенін атап өтуіміз қажет.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтердің сапасы мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалаудың аса маңызды бағыты болып табылады.

Бағалауды енгізген қандай нәтижелер береді деген сұрақ туындауы мүмкін. Осылайша, өткен жылдарда тиімділікті бағалауды енгізу арқылы мемлекеттік қызметтердің тізіліміне енгізілген қызметтердің саны бірнеше есе өсірілді.

Сонымен қатар, тиімділікті бағалау көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді одан әрі дамытуға және әлеуметтік бағдарланған мемлекеттің құрылысына кедергі келтіретін күрделі мәселелерді анықтауға мүмкіндік тудырды.

Осыған байланысты Департаментпен мемлекеттік қызметті электронды түрде алу тәртібін түсіндіру, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің танымалдығын көтермелеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі құралдарының бірі болып табылғандықтан аталған бағыттағы іс-шаралар мен жұмыстар атқарылып үздіксіз жетілдірілуде!

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері

және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігінің

Ақмола облысы бойынша

Департаментінің басшысы –

Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы                     Б. Беспалинов

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 354 раз
© 2013-2018 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"