Четверг, 13 августа 2020 17:46

Конституция – егеменді еліміздің тірегі мен өркендеудің негізі

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Қазақстан Республикасының Конституциясы - қоғамдық қатынастардың барлық саласын реттейтін басты нормативтік құқықтық акт.

 Биыл еліміздің Ата Заңының қабылданғанына 25 жыл толады. Осы уақыт ішінде жеткен жетістіктер, өркендеу, барлығы да Конституцияның қызмет атқаруы мен оның негізінде құралған.

1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген.

Адам тумысынан өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтарға ие. Ал ол өз мемлекетінің азаматтығын алғаннан кейін азаматтық құқықтарға ие болып, тиісті міндеттерді қоса атқаруға тиіс. Конституцияда адамды қастерлеу, құрметтеу, адамгершілік сезімдеріне үлкен маңыз берілген.

Ата Заңның 7-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.

Мемлекеттік тілді білу, оны дамыту әрбір азаматтың міндеті болып табылады. Қазіргі таңда қазақ тілін білгісі, үйренгісі келетін адамдарға барлық жағдайлар жасалған.

Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Ал орта білім алу Конституция бойынша міндетті деп танылған.

Республика азаматтарының құқығы мен міндеттерін сөз еткенде, екі мәселені ерекше атап өтуге болады. Бірі – заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, екіншісі – Отан қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы.

Конституция қабылдағаннан соң оны мүлтіксіз орындауды, қалың көпшіліктің Ата заңды жаппай мойындауын, іштей түйсініп сезінуін, өз өмірінің басты ережесіне айналдыруын қамтамасыз ету қажет.

Нұртай Смағұлов,

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің

жетекші маманы

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 328 раз
Другие материалы в этой категории: « Жаны жайсаң Жақаң Новое в законе о выборах »
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"