Среда, 01 апреля 2020 15:00

Заңсыз аңшылық үшін қылмыстық жауаптылық туралы⠀

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Тиісті рұқсатсыз, немесе арнайы тыйым салуға қарамастан, немесе аңшылыққа құқығы жоқ, немесе аңшылыққа заңсыз рұқсат алған адаммен, немесе белгіленген орнынан тыс, тыйым салынған мерзімде тыйым салынған қару мен әдістермен, немесе нормативтік актілермен белгіленген өзге талаптардың бұзылуы, аңшылық жасаған, аңшылық объектісі болып табылатын жануарлардың түрлерін мекендеу ортасынан алып қою заңсыз аңшылық болып есептеледі.⠀

Қазақстан Республикасында заңсыз аңшылық үшін қылмыстық жауаптылық ҚР ҚК-нің 337-бабында көзделген.⠀

Қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша Заң 2020 жылғы 11 қаңтардан бастап күшіне енді, онда қылмыстық жауаптылықтың шектері ұлғайып, заңсыз аңшылық үшін жаза қатайды.⠀

Бұрын қылмыстық заңның аталмыш бабының 1-ші бөлігінде қылмыстық жауаптылық «жарылғыш құрылғыларды немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де құралдарды, авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы не шағын көлемді кемелерді қолданып заңсыз аң аулау» үшін қылмыстық жауаптылық көзделген болатын.⠀

Қазіргі редакцияда қылмыстық жауаптылықтың шектері кеңейтіліп, заң шығарушы жоғары баяндалғанды «Заңсыз аң аулау, оның ішінде атыс, пневматикалық, лақтырылатын, суық қаруды, қолға түсірудің басқа да құрал түрлерін, иттерді, аушы жыртқыш құстарды, салт атты, жегін көлікті қолданып заңсыз аң аулау, егер бұл іс-әрекет айтарлықтай залал келтіре отырып жасалса ...» деген нұсқаумен нақтылап, толықтырды. ⠀

ҚК-нің 3-бабының 2-тармағына сәйкес, бұл баптағы айтарлықтай залал – бұл қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі не одан асатын мөлшердегі құндық көрінісі.⠀

Мәлімет үшін, 2020 жылдың айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 2 651 теңге.⠀

Айтарлықтай залалдың бұл белгісі бұрын осы баптың 3-бөлігінің саралау белгісі болған.⠀

Қылмыстық заңның осы баптың бірінші және екінші бөліктері бұрын қылмыстық әрекеттерге жататын болса, қазіргі уақытта аталмыш қылмыстық құқық бұзушылықтар орташа ауыр қылмыстарға жатады.⠀

Осы баптың 1-бөлігінің санкциясында айыппұл мен түзеу жұмыстарының мөлшері жүз алпыс айлық есептік көрсеткіштерді көздейтін, енді  үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiн өсті; қоғамдық жұмыстарға тартуға жүз алпыс сағаттан сегіз жүз сағатқа дейiн өсті; белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылдан үш жылға дейiн өсті.⠀

Санкция «қырық тәулікке дейін тұтқындау» түрінде жазаны қоспағанда, үш жылға дейін бас бостандығын шектеу және айыру, мүлікті тәркілеу түрінде жазаның жаңа түрлерімен толықтырылды.⠀

Екінші бөлігінде осы баптың 1-бөлігімен көзделген әлденеше рет заңсыз аңшылық үшін екі жүз айлық есептік көрсеткіштерді көздейтін мөлшері төрт мың айлық есептік көрсеткіштерге өсті; қоғамдық жұмыстарға тарту екі жүз сағаттан бір мың сағатқа дейін өсті; белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылдан үш жылға дейiн өсті.⠀

Одан басқа, санкция «елу тәулікке дейін тұтқындау» түрінде жазаны қоспағанда, төрт жылға дейін бас бостандығын шектеу және айыру, мүлікті тәркілеу түрінде жазаның жаңа түрлерімен толықтырылды.⠀

Үшінші бөлік осы баптың 1 және 2-бөліктерімен көзделген заңсыз аңшылық үшін, бұрын «айтарлықтай залал» саралаушы белгісі орнына «адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған» саралаушы белгілерімен толықтырылды.⠀

Аталмыш бөліктің санкциясында екі мың айлық есептік көрсеткіш көздейтін айыппұл мөлшері бес мың айлық есептік көрсеткіштерге өсті, қоғамдық жұмыстарға тарту алты жүз сағаттан бір мың екі жүз сағатқа дейін өсті; бас бостандығын шектеу және айыру екі жылдан бес жылға дейін өсті, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру екі жылдан бес жылға дейiн өсті.⠀

Санкция мүлікті тәркілеу түрінде жазаның жаңа түрімен толықтырылды.⠀

ҚР ҚК-нің 3-бабының 38-тармағына сәйкес, бұл баптағы ірі залал - бұл қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық көрінісі.⠀

Баптың осы бөлігі бұрын ауыр емес қылмыс болса, қазір орташа ауыр қылмыс болды.⠀

Баптың 4-бөлігінде осы баптың 1, 2 немесе 3-бөліктерінде көзделген заңсыз аңшылық үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда немесе төтенше экологиялық ахуал аумақтарында; жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған; адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған; ірі залал келтіре отырып жасалған заңсыз аң аулау – бес мың айлық есептік көрсеткіш көздейтін айыппұл мөлшері алты мың айлық есептік көрсеткішке дейін өсті; бас бостандығын шектеу және айыру үш жылдан алты жылға дейін өсті, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру үш жылдан жеті жылға дейiн өсті.⠀

Санкция «бір мың екі жүз сағат мерзімге дейін қоғамдық жұмыстарға тарту» түрін қоспағанда, мүлікті тәркілеу түрінде жазаның жаңа түрімен толықтырылды.⠀

Баптың осы бөлігі бұрын орташа ауыр қылмыс болған, қазір ауыр қылмыс санатына жатады.⠀

Бұдан әрі, осы баптың 5-бөлігі 2019 жылғы 28 қазандағы № 268-YI қылмыстық заңнамасына енгізілген өзгерістермен алынып тасталған.⠀

Алайда, соңғы өзгерістердің (2019 жылғы 27 желтоқсандағы) нәтижелерінде осы бап 1, 2, 3 немесе 4-бөліктерінде көзделген, аса ірі залал келтіре отырып қылмыстық топ жасаған; заңды күшіне енген сот үкімі бойынша аңшылықпен айналысу құқығынан айырылған адам жасаған заңсыз аң аулау, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, мүлікті тәркілеп, алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру туралы алтыншы бөлігімен толықтырылған.⠀

ҚР ҚК-нің 3-бабының 38-тармағына сәйкес, бұл баптағы ірі залал - бұл қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық көрінісі.⠀

Аталмыш қылмыстық құқық бұзушылық ауыр қылмыстарға жатады.⠀

Сонымен, елімізде заңсыз аңшылық түрінде браконьерлік үшін қылмыстық заңнама қатайды.⠀

Ақмола облысында заңсыз аңшылықтың және ауыр зардаптарға әкеп соққан нақты үлгісін келтірейік.⠀

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2020 жылғы 4 наурыздағы үкімімен азамат Б. ҚР      ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігінің 2, 10-тармақтарында көзделген қылмыс жасағанына кінәлі болып танылған, басқа қылмысты жасыру мақсатында қызметтiк жұмысын жүзеге асыратын  адамды өлтіру; ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 1, 2, 10-тармақтары, дәл сондай саралаушы белгілерімен екi немесе одан көп адамды өлтіруге оқталу; ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігінің 2, 4-тармақтары, автокөлік құралын пайдалана отырып, ірі залал келтіре отырып, пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған заңсыз аңшылық.⠀

Сотпен анықталғандай, азамат Б. аңшылыққа тыйым салынған киікті заңсыз атып, қорықшы қызметінің қызметкерлерімен оны ұстау барысында, жасалған қылмысты жасыру мақсатында, ол қызметтік жұмысын атқарған инспектор О-ны өлтіруге оқталып, инспектор Н-ды өлтірген.⠀

Сотталған Б-ға істі қарау нәтижелері бойынша 3 жыл мерзімге әуесқойлық аңшылықпен айналысуға құқығынан айырып, қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазаны өткеруімен 18 жылға бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалған.⠀

Сотталған Б-дан жәбірленуші Т-ның пайдасына моральдық зиянды өтеу есебіне 10 000 000 теңге; жәбірленуші О-ның пайдасына 1 500 000 теңге; мемлекет пайдасына келтірілген материалдық нұқсан 5 681 250 теңге өндірілген. Үкім заңды күшіне енген жоқ.⠀

Сондықтан, аңшы әуесқойлар заңда белгіленген нормаларын, аңшылық объектісі болып табылатын, табиғи мекендеу ортасынан жануарлар түрлерін алып қою жөніндегі қағидалар мен шектеулерді қатаң ұстануға тиіс.⠀

Нұрсұлтан Рахимберлин,⠀

Ақмола облыстық сотының судьясы⠀

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 568 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"