Вторник, 31 марта 2020 14:53

Медиация заңының қолдану аясы мен пилоттық жоба

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Конституция – еліміздің негізгі заңы. Заңдардың барлығы Ата заңымыздан бастау алады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген. Конституциямен баянды етілген адамның құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз ету үшін еліміздің заңнамалары үнемі жетілдіріліп келеді. Соның ішінде азаматтық даулар мен қылмыстық істер бойынша жылдам, тиімді, әділ шешімге азаматтардың қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін дауды шешудің әртүрлі баламалы жолдары сот саласына да еңгізілуде.

Елімізде «Медиация туралы» заңның қабылдануы, өркениет көшіне бет түзеген батыл қадамдардың жасалуы біздің қоғамымызда оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісі екендігін айғақтайды. Істі медиация рәсімімен қарау уақыттың жылдамдығымен, құпиялықты сақтаумен, екі тараптың да пайдасына қарай шешілетіндігімен ұтымды.

Қазіргі таңда сот өндірісінде медиация заңын қолдану арқылы аяқталған істер саны күн санап артып келеді. Өйткені, сот жүйесі тарапынан осы заңды насихаттау үшін бұқаралық ақпарат құралдарында, газет-журналдарда мақалалар, семинар мен дөңгелек үстелдер сияқты жұмыстар атқарылуда.Дегенмен халық арасында әлі де болса бұл заңды қолдануда  түсінбеушіліктер де жоқ емес.

Медиация — бұл латын тілінен аударғанда, делдалдық ету, яғни тараптарды өзара келістіру тәсілі немесе медиаторды мәмлегер, бітімгер деп түсінген абзал. Медиация – үшінші бейтарап қөзқарасты ұстанатын, яғни медиатордың  көмегі арқылы дау-жанжалдарды соттың қатысуынсыз реттеу. Сонымен бірге, сотта дауды шешу кезінде судьялар да медиатор ретінде дауды шешуге араласа алады. Себебі, бұл заңмен қарастырылған.

 «Медиация» деген аты жаңа болғанымен, қазақ үшін жат дүние емес. Бұл — «Алдыңа келсе, атаңның да құнын кеш» деген қағиданы басшылыққа алған дарабоз билердің дәстүрлі билік жүргізу тәсілінің баламасы. Қазіргі таңда сотқа жүгінген азаматтар медиация заңының қалай жұмыс жасайтынын сотта дауды шешу барысында біліп оның тиімді тұстарын көріп отыр.

Медиациялық келісім кәсіби медиаторлар және кәсіби емес медиаторлар көмегімен жүзеге асырылады. Кәсіби емес медиатор дегеніміз- халқына қалаулы, еліне елеулі үлкен аға-апалар, көреген ақсақалдар. Кәсіби медиаторлардан бөлек, судьялар да заң талаптарына сәйкес судья-медиатор деген сертификаты арқылы медиатор қызметін атқара алады.

Сот жүйесіне еңгізілген жаңа өзгерістер жөнінде айтсақ, мемлекет басшысы Республика судьяларының VII съезінде берген тапсырмасын жүзеге асыру үшін медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейту мақсатында жеке санаттағы дауларды медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша Жоғарғы сот пилоттық жобаны іске қосты. Пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі тиісті ереже Жоғарғы сот төрағасының өкімімен бекітілді.

Жобаның негізгі мақсаты мен міндеті татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды реттеу мүдделілігін анықтау болып табылады.

Пилоттық жоба – татуластыру рәсiмдерiн дамытудың нақты қадамдардың бірі.

Бурабай аудандық сотының

сот мәжілісініңи хатшысы

А.Зия

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 437 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"