Четверг, 20 февраля 2020 17:08

Азаматтық процестік кодексіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы Заң жобасы

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Жоғарғы Сот қазіргі уақытта «Сот жұмысының заманауи форматтарын енгізу, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі.

Түзетулер азаматтық процесінде судьяның қарауын арттыру және жеке процеске қатысушылардың рөлін бекітуімен байланысты.

Мәселен, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы -     Азаматтық процестік кодексінің 15-бабын мынадай мазмұндағы 4-1 бөлігімен толықтыру ұсынылады:

«Сот, оның ішінде өз бастамасымен, тараптармен (тараппен) істің мән-жайын талқылауға, тараптардың құқықтық ұстанымы мен дәлелдерін анықтауға, іс бойынша уақтылы және толық дәлелдемелерді жинап жәрдемдесуге, оларды зерттеуге, сондай-ақ азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттеріне жету үшін бағытталған өзге де әрекеттерін жүзеге асыруға құқылы».

Осы баптың 3-бөлігін мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтыру ұсынылады:

«Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттерін жүзеге асыру мақсатында сот өз бастамасымен істің мән-жайын анықтауға, тараптар дәлелдемелерінің негізділігін тексеруге және олар ұсынылған дәлелдемелерінің растылығына қатысты кез келген көзделген шара қолдануға құқылы».

Бір соттан екінші соттың өндірісіне істі жедел жолдау мақсатында Азаматтық процестік кодексінің 34-бабының 5-бөлігін мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтыру ұсынылады:

«Екі тарап сотпен белгіленген соттылығымен келіскен жағдайда, олардың жазбаша өтінішхаты бойынша, ұйғарым шығарылғаннан кейін, іс бір соттан екінші сотқа дереу табысталады».

Істі қарауға қатысатын өзге адамдар – Азаматтық процестік кодексінің 5-1 тарауын «Сот приставы» 56-3-бабымен (бұрын сот приставтарының құқықтық мәртебесі қазіргі Азаматтық процессуалдық кодекспен бекітілмеген) және «Аудармашы» 56-4-бабымен толықтыру ұсынылады, аудармашыны тағайындау туралы төрағалық етуші хаттамалық ұйғарым шығарады. Осы бапта аудармашының құқықтары мен міндеттері белгіленген.

Куәдан жауап алу сот орналасқан жерде немесе, егер ол сырқат, кәрілік, мүгедектік, тұрған жердің алшақтығы немес басқа маңызды себептер салдарынан соттың шақыруымен келе аламаса, техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асыру ұсынылады.

Соттың қарауына, кәсіпкерлік қызметке байланысты дауларды қоспағанда, қиын әлеуметтік және қаржы жағдайда болған өзге тұлғалардың заң көмегі төлемінен және өкілдікпен байланысты шығындарды өтеуден босату құқығы ұсынылады.

Азаматтық процестік кодексінің 187-1 бабына «Сот отырысында техникалық байланыс құралдарын пайдалану» толықтыруы ұсынылады.

Іске қатысатын тұлғалар, куәлар, мамандар, аудармашылар соттың рұқсатымен сот талқылау барысында материалдық және цифрлік ақпаратты жеткізушілері бар техникалық құралдарын пайдалануға құқылы.

Апелляциялық сатыдағы сотына (судьяға), Азаматтық процестік  кодексінің 407-бабының 1-бөлігінің 2),3),4) тармақшаларымен көзделген негіз болғанда, шағымды берген тұлғаға кері қайтару туралы ұйғарым шығару құқығы ұсынылады.

Мұндай ұйғарым шағымдануға жатпайды, алайда бірінші сатыдағы сотқа қайта апелляциялық шағым беруге кедергі болмайды.

Ұсынылған заң өзгерістері азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне әсерін тигізеді, іс жүргізу іс-әрекетін оңтайландыруға бағытталып, іс жүргізу үнемдеуін арттырады, артық сот рәсімдері мен шығындардан арылтады және соттардағы әрі қарай цифрлендірудің дамуына ықпал етеді. Осыған орай, жұртшылықты белсенділік танытып заң жобасын талқылауға шақырамын.

Алтын Шойынбекова,

Ақмола облыстық сотының

азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 698 раз