Воскресенье, 26 января 2020 14:13

Әділдіктің шамшырағы

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Жалпыға белгілі жай: сот жүйесіне артылған жүктің салмағы зілмауыр. Өйткені ол жүйе адам тағдырына ерекше жауапты жүйе. Әділетті қоғамның орнауы да осы жүйеге тікелей байланысты. Қара қылды қақ жарып, тура сөйлеп, әділдіктің жақтаушысы болып, сот саласының абыройын өлшеусіз асқақтатып, жұрттың алғысына бөленіп жүрген судьялар қарасы өңірімізде аз емес. Бүгін солардың бірі емес бірегейі  жөнінде оқырман назарын аударсақ. Оған себепте болып тұр : осы күндері кейпкеріміз Ақмола облыстық сотының судьясы Жакулин Әскербек Бейсембекұлы ердің жасы 55-ке келіп әріптестерінен, жолдастарынан, туыстарынан құттықтау алып жатыр.  

“Кісіге екі дүниеде бірдей пайдалы үш нәрсе бар: біріншісі – игілікті іс пен әзиз мінезділік, екіншісі – ұят, үшіншісі - әділ¬дік. Адам сол үшеуі арқылы бақыт табады”, деген екен дала¬ның данагөйі Жүсіп Баласағұн. Осы үш мінезді де бір басына жинаған, білікті заңгер Әскербек Жакулинді облыстың құқық қорғау саласының қауымдастығы арасында білмейтіндері кемде кем шығар. Себебі, ол сот жүйесінің өзінде 30 жылдай қажырлы еңбек етіп келеді. Оның өмір жолын қазіргі жастарға үлгі-өнеге етуге әсте болады. Әскербек Жакулиннің сот жүйесіне сіңіріп жүрген еңбегі көптеген мемлкеттік және салалық жоғары марапаттармен бағаланды. Бұл марапаттардың арасында ең жоғары мәртебелі «ҮШ БИ» төсбелгісі.  Бұл төсбелгіге ие болу, екінің бірінің маңдайына жазыла берілетін бақ емес. Оны берудің ресми Ережесінде - Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісі жоғары айырым дәрежесіндегі белгі болып табылады және сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі ерекше табыстары, көп жылдық еңбегі, мінсіз беделі, белсенді қоғамдық қызметі үшін беріледі деп жазылған. Әскербегіміз міне, осы сөздерге лайық судья. Ол көп жылдық судьялық қызметі барысында өзінің теориялық білімін терең жетілдіріп, білімдар, судья үшін аса қажетті орнықтылық пен шыдамдылық, ұстамдылық пен сыпайылық сияқты қасиеттерді бойына жинақтаған ерекше жан. Әскербектің өміржолы судьялық корпусты қалыптастыру мәселесін шешу барысында туындайтын көптеген сұрақтарға жауап беретін өмірбаян. 

«Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» деген қазақта аталы сөз бар. Әскербектің бойындағы қара қылды қақ жарған тектілігі оның әкесінен дарыған қасиет. Қызылту өңіріне белгілі, бүгін 80-ннің сеңгірінен асқан ақсақал Жакулин Бейсембек Рамазанұлы – Омбы ауыл шаруашылық Академиясының түлегі. Ол бар ғұмырын ауыл шаруашылығының ең ауыр саласы мал дәрігерлігіне арнаған. Бейсембек аға өте еңбекқұмар және әділдік басты қасиет деп санаған тұлға. 10 балаласының барлығына да сол қасиеттерін дарытуға тырысқан. Әскербек сол он баланың төртіншісі болып дүниеге келген.

Жакулиндер балалары жастайынан еңбектің дәмін татып өскенөрендер. Өйткені ауыл шаруашылығының күрделі саласының бас маманы болған Бейсембек аға таң атқаннан, күн батқанша өз ғұмырын үкмет тапсырмасымен және өзінің жүрек қалауымен қой шаруашылығын дамытуға арнаған. Әскербектің анасы Айман апа да жақсы жар, ыстық жүректі ана бола білген. Олар үш ұлдары мен бір қызына заңгерлік жоғары білім алды. Қалған балалары дәрігерлік пен мұғалімдікті таңдаған. Әйтеуір, он баланың ешқайсысы да білімсіз қалмады. Жакулиндер білім алған мектептің директоры С.Т.Жақанова, аймақтық Әкімі Қ.Б.Жұматаев, Ақжар ауданының  өзге де басшылары және тұрғындары күні бүгінге дейін олардың отбасын ерекше ілтипәтпн еске алады.            

Жакулидер арасында ерекше еңбексүйгіш - Әскербек сол жасөспірім кезінде де әр деңгейдегі газет-журнал беттерінен жиі көрінетін. Мысалы, сонау 1980 жылы жарық көрген аудандық газеттінің бірінде 6-шы сынып оқушысы Жакулин Әскербек ауылдың жүн қырқу орталығында болып, ең алғаш рет қоғамдық еңбекке кіріскені туралы жазған. Мақалада бұғанасы бекімеген баланың еңбекке құлшынысын журналист таң қалып жазған.

Алматыдан шығатын Одақтық «Простор» журналының №4, 1982 жылғы басылымында КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы Галина Черноголовинаның  «Жерлестер» деп аталатын очеркін сол кездегі Ленинград ауданына арнаған. Онда аудан халқы мен олардың бірінші басшыларының ел үшін аянбай төккен терлері  туралы айта келе, көзі түскен жалғыз оқушы - 10 сынып оқушысы, 16 жасар Жакулин Әскербекке  ерекше тоқталып өткен. Өйткені Ә.Жакулин қой қырқу бойынша жарыстардың барлығында алдына жан салмай, бірінші болып бітіретін болған. Сөзсіз, жасынан оқуда да, қоғамдық еңбекте де көшбасшы болғаны Әскербекті келешегін айқындауға тікелей ықпал болғаны көрініп тұр.

Ол мектепті үздікке  бітіргеннен соң автомобиль жүргізушісі болды, ал кейіннен әскер қатарында болып, отан алдындағы азаматтық борышын аброймен атқарды. Әскери міндетін атқарғанда, әйгілі Байкал-Амур темір жолын салуға қатынасып, қызметін ерлікпен атқарғаны үшін арнайы медальмен марапаттанды. Болмысынан әділдікті, шынайылықты ұнататын Әскербек бала кезінен кез-келген оқиғаның оң шешілгенін қалайтын. Осылай азаматтық көзқарасы қалыптаса бастаған жас жігіт өзінің заңгерлікке қабілеті барын сезіп, бар ғұмырын осы салаға арнауға бел буады. Сөйтіп 1985 жылы Совет елінің аумағына аты дүркіреп тұрған, жоғары оқу орыны - Свердлов заң институтын бітіріп, өзінің алға қойған мақсатына жеткен. 1989 жылы Әскербек заңгерлік дипломы бар жас маман болып өзі туған ауданына оралған. Осында аудандық прокуратураның тергеушісі болып жұмысқа орналасқан. Сол жылдары мен аудандық сотта Ленинград аудандық сотының төрағасы едім. Әскербекпен жұмыс барысында кездесіп қалып та жүрдік. Оның алғырлығы, білімділігі ә дегеннен менің көңілімнен шықты. Маған Әскербек көзінде оты бар, тілінде шоғы бар дайын судья болып елестеді. Бір кездескенде мен : - «...Сенен мықты судья боласың, тілімді алсаң судьялыққа бар!» деп ақылымды айттым. Содан көп кешікпей Әскербек 1992 жылы аудандық сотқа судья болып тағайындалды. Менің ішкі сезімім алдамапты. Сол жылдардың өзінде-ақ, ол өз ісінің нағыз майталманы, шебер судья екенін дәлелдеді. Кейіннен аудандық соттан облыстық сотқа жұмыс ауыстырды. Бүгінгі Әскербек өте қатты өзгермеген. Сол еңбексүйгіш қалпы. Ол өзінің тікелей қызметтік міндеттемелерін орындаудан басқа ол облыстық судьялар қауымдастығының қоғамдық өміріне де белсенді қатысып жүреді. Ұзақ жылдар бойы Қазақстан Республикасының судьялар одағының Ақмола облыстық бөлімшесін басқарды.

Әскербек Жакулин жақсы қызметкер ғана емес, айрандай ұйып отырған отбасының отағасы, алтын діңгегі. Оның жан-жары Жанат Ақмола облысының әділет басқармасында бөлім бастығы болып қызмет атқарады. Айжан, Әсел есімді қыздары, Әмірхан есімді ұлы бар.

Қазақта «шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз» деген қанатты сөз бар. Бүгінде шәкіртімнің осындай биік дәрежеге жеткені мені ерекше қуантады. Әрине 55 жасты қазақ «Бергенінен берері көп жас» деп тегіннен тегін айтпаса керек-ті. Мен білетін Әскербектің алар асуы әлі алда екенін сезем. Сондықтан да оған әділдіктің ақ жолынан таймай, қырағы соттың сақшысы болып ұзақ жасауын әріптестерімнің атынан тілеймін.

Мейрам Ғибәділов

Ақмола облыстық сотының

Ардагер-судьялар кеңесінің

төрағасы

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 522 раз