Среда, 04 декабря 2019 16:37

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мемлекеттік тілде әзірленген сот актілері

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ұсыныстарын жүзеге асыру жөніндегі жоспарын орындау мақсатында, 2019 жылдың мемлекеттік тілде қаралған істермен қабылданған сот актілерін құрастыру сапасы сараланды.

Ата заңымыз Конституцияның 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады деп көрсеткен.

Мемлекеттік тілдің тұғырын биіктетуге, дамытуға мемлекетіміздің тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматының міндеті   мемлекеттік тілді барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту болып табылады.

Облысымыздағы сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылу өрісін кеңейтіп, қызметте толыққанды қолданылуын қамтамасыз етуде әлі де кемшіліктер орын алуда.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 4 бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылатындығы айқын көрсетілген.

Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолдану сот процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің құқықтық кепілі болып табылады.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 2019 жылдың 11 айында 20 азматтық іс қазақ тілінде, 2 қылмыстық іс және 3 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралынған.

Мысалы 2019 жылдың 18 наурызында Б есімді азамат әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 127 бабы 1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп танылды, оған себеп болған келесі мәнөжайлар.

Б есімді азамат өзінің ата-аналық міндеттерін орындамаған, яғни кәмелетке толмаған үш балаларын 2005 жылы 2007 жылы және 2011 жылы туылған, тәрбиелеу жөніндегі, оқыту процессіне, балалардың мектеп өміріне жиналыстарына қатыспайды, балалардың жағдайлары мүшкіл, өзі алкогольді ішімдікке құштар, жұмыс істемейді.

Осы факт бойынша Б есімді азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзу туралы 03 №7 хаттама ӘҚБт ҚРК 127-бабы 1 бөлігі бойынша толтырылған.

ӘҚБтҚРК 55 бабы 2 бөлігіне сәйкес әкiмшiлiк жаза әдiл, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келетiн болуға тиiс.

Жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатын, кінәлінің жеке басын, іс бойынша құқық бұзушылықты жеңiлдететін және ауырлататын мән-жәйдың жоқтығын ескере отырып, сот Б есімді азаматқа айыппұл түрінде әкімшілік жазасы қолдану керек деген қорытындыға келді.

Келесі мысал азаматтық іс бойынша 2019 жылдың 15 қараша шешіммен арыз беруші «Зеренді ауданының полиция басқармасы» Мемлекеттік мекемесі кәмелетке толмаған Ж есімді жасөспірімді ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернатқа жіберу туралы арызы қанағаттандырылды.

Кәмелетке толмаған Ж есімді жасөспірім Зеренді ауданының МӨББ МЮП-да профилактикалық есепте тұр. Зеренді ауданы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2019 жылғы 26 шілдедегі шешімімен Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына кәмелетке толмаған, бірнеше рет ұрлық жасаған, бөтен мүлікке материалдық залал келтірген, сондай-ақ дәлелсіз себептермен колледжде сабаққа қатыспай соның салдарынан оқудан шығарылған А. Жетейханға қатысты өтініш жіберу ұсынылды.

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №591-ІІ Заңының 14-бабының 2-бөлігіне сәйкес ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына тәрбиенің, оқытудың ерекше жағдайларын қажет ететін және арнайы педагогикалық тәсілді талап ететін, ерекше ауыр қылмыс немесе екі және одан да көп қоғамға қауіпті әрекет жасаған, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру, қылмыстық жауапкершілік басталатын жасқа толмағандықтан, не татуласуына байланысты тоқтатылады.

Арыз берушінің Ж есімді жасөспірімнің үнемі қылмыс жасағандығы туралы дәлелдері іс материалдарымен расталады.

Сол себепті 2003 жылы туылған кәмелетке толмаған Ж есімді жасөспірім ШҚО білім басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернаты» КММ бір жыл мерзімге жіберілілді.

ҚР АПК 27 бабы 3 тармақшасына сәйкес кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істер кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, облыс орталықтарының шегінде орналасқан аудандық (қалалық) соттардың соттылығына жатқызылған істерді қоспағанда, баланың тұрғылықты (болатын) жеріндегі аудандық (қалалық) сотта қаралуы мүмкін немесе оған берілуі мүмкін. Өтінішхат істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін берілуі мүмкін.

Бойында ар-намысы бар азаматтар қазақ тілін ардақтап, оның болашағы үшін күресіп жатқанда, сот, құқық қорғау органдары, мекеме және ұйым басшылары, өз тараптарынан өз мекемелеріндегі қызметкерлерден мемлекеттік тілдің дұрыс қолданылуын талап етіп, мемлекеттік тілдің дамуына өз үлестерін қосқаны жөн деп санаймыз.

Осы аталған кемшіліктерді келешекте сот тәжірибесінде жібермеу мақсатында осы анықтаманы облыстың аудандық және қалалық соттарына мәлімет үшін жолдауға.

Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Тіліміздің мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Қазақ тілі - Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі.

Ақмола облысының кәмелетке

толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық соты

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 533 раз