Понедельник, 02 сентября 2019 15:36

«Мемлекеттік тілді дамыту және сапасын көтеру»

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Алғашқы 1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған « Тіл туралы» Заңда «Тіл – халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі» делінген. Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында « Қазақ тілі - Қзақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады» деп жазылған.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев « Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы қазіргі уақытта үнемі айтып келеді. Осының өзі Елбасымыздың мемлекеттік тілге деген үлкен құрметі деп білемін.

Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам өзінің ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз бұрмалануына қарсы тұруы тиіс.

Қазақ тілі-халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыздың айтқанындай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде Мемлекеттік тілге, ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: "Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет" деп атап көрсеткен болатын.

Тәуелсіз Қазақстанда оңтайлы әлеуметтік-лингвистикалық кеңістік құру тіл саясатын кезең-кезеңмен іске асыру арқылы жолға қойылып отыр. Мысалға, келесі бағдармалар; 1997 - 2000 жылдары "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына және Тілдерді қолдану мен дамытудың 1998 - 2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бекітілуіне орай қоғам өмірінің негізгі салаларында тіл құрылысының құқықтық негізі қалыптаса бастады. 2001 - 2010 жылдары Тілдерді қолдану мен дамытудың он жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында тіл құрылысы стратегиясының мынадай үш бағыты айқындалды: мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту, орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау, Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту. Сондай-ақ осы кезеңде Мемлекет басшысының бастамасы бойынша

"Тілдің үш тұғырлылығы" ұлттық мәдени жобасын іске асыру жұмысы басталды.

"100 нақты қадам": баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет" ұлт жоспарындағы негізгі бағыттардың бірі "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру, сондай-ақ қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың түйінді факторы ретінде үштілді білім беруді дәйекті түрде дамыту болып табылады. Қоғамдағы мемлекеттік тілді меңгерудің әркелкі деңгейі. Бұл проблемалы аспект мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай әдіснамасы мен стандарттарының, қазақ тілі оқытушылары мен мамандарының даярлық деңгейінің төмендігімен, қазақ тілін оқыту инфрақұрылымы қызметінің бірыңғай стандарттарының болмауымен, мемлекеттік тілді меңгеру процесін ынталандыру және мониторинг жасау жүйесінің болмауымен тікелей байланысты.

Елдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі. Бұл бағыттағы проблемалы мәселелер, ең алдымен, халықаралық коммуникациялар, демалу мен ойын-сауық саласында мемлекеттік тілді белсенді қолдану аясының кеңеюіне, оны заңның, ғылымның және жаңа технологиялардың тілі ретінде дамытуға байланысты болып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру, оны отбасы құндылығы ретінде таныту сияқты мәселелердің маңызды тізбесі проблемалы болып табылады, сондай-ақ тіл саласындағы кейбір келеңсіз дақпырттар мен таптаурын пікірлер де осы проблемалардың қатарынан орын алып отыр.

Қазақстан қоғамындағы тіл мәдениетінің төмендеуі. Көрсетілген аспектіде терминология, антропонимика және ономастика салаларындағы проблемалар, сөйлеу және жазу мәдениетін жетілдіру, сондай-ақ үйлесімді тілдік орта құру қажеттілігі лингвистикалық кеңістікті одан әрі өрістетуде айтарлықтай қиындықтар тудырып отыр.

Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау және нығайту қажеттілігі. Бұл аспектіде қазақстандықтардың бәсекелестік басымдығы ретінде орыс тілін меңгеру деңгейін сақтауға, Қазақстан мәдениетінің тілдік әралуандығын қалыптастыратын этностардың тілдерін дамыту үшін жағдай жасауға және халықаралық іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге байланысты проблемалар жиынтығы бар.

Көкшетау қаласының

мамандандырылған тергеу сотының

бас маманы- сот мәжілісінің хатшысы

Н. Жетпісбаев

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 2028 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"