Вторник, 16 июля 2019 11:35

Пилоттық жобалардың іске асырылуы

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ұлт жоспарында және 2018 жылдың қазан айындағы Жолдауда сот жүйесінің алдына құқықтың үстем болуын, сот төрелігіне қоғамның сенімін арттыруды, экономиканың тұрақты дамуы үшін бизнесті құқықтық қорғауға міндеттер қойғаны белгілі, хабарлайды «Көкшетау Азия» ақпараттық агентігі.

Ұлт Жоспары шеңберіндегі сот реформалары одан әрі жалғасуда. Жолдауда сот жүктемесін жеңілдетуді, судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіруді, жұмыстың жаңа форматтарын енгізуді, электронды сот төрелігін енгізу тапсырылды.

Реформалар сот төрелігінің бұдан да ашық, айқын әрі халық үшін қолжетімді болуына ықпал етпек. Осының барлығы халықтың соттарға деген сенімін арттыру жөнінде алға қойған стратегиялық міндетін шешуге мүмкіндік береді. Осылайша соттар заң үстемдігі мен әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету жөніндегі өзінің рөлін орындап келеді.

Жоғарғы Сотта «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасы өмірге еніп, онда дамудың жеті басым бағдарламасы шоғырландырылды. Бұл сот жүйесін жақсарту жөніндегі ұсыныс-тілектерінің жиынтығы.

Республикамыздың сот жүйесінде аталған жоба шеңберінде мынадай пилоттық жобалар: «Фронт-офис»; «Үлгілі сот»; «Түнгі сот»; «Татуластырушы-судья»; «Отбасылық сот»; «Соттан тыс татуласу» іске асырылуда.

«Түнгі сот» пилоттық жобасы. Ақмола облысының мамандандырылған әкімшілік сотында 2018 жылдың 27 шілдесінде «Түнгі сот» пилоттық жобасы Ақмола облыстық сотымен Ақмола облысы бойынша жергілікті полиция қызметі арасында меморандумға қол қою арқылы іске қосылды. Келісім көлік және көліктік құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарастырудың жылдамдығына бағытталған. Жол апатынан зардап шеккендерге мүмкіндігінше қысқа мерзімде (құқық бұзушылық жасаған сәттен бастап 24 сағат ішінде) соттың шешімін алуға мүмкіндік береді. Яғни, егер кінәлі адам кінәсін толық мойындаса және жазатайым жағдайдың мән-жайына дау тудырмаса қолданылады. Ал бұрынғы кезде, жол көлік оқиғасы болса, жол сақшысы хаттама толтырып, сот медициналық сараптамаға жолдайтын, ол сараптама 15 күннен 30 күнге дейін созылатын, сотқа істі хаттама толтырғаннан кейін бір жарым айдың ішінде әкелетін, сотта іс тағайындалып, ол бір айдың ішінде қаралатын.

Осы жобалардың нәтижесіне сүйене отырып, бірқатар заңдарға өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер, ең алдымен, қажетсіз жүктемені қысқарту арқылы сот төрелігінің сапасын арттыру міндетін көздейді.

Ескендіров Әділбек

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің жетекші маманы

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 821 раз
Другие материалы в этой категории: « Из зала суда ВЗЯЛ ДЕНЬГИ В ДОЛГ-ВЕРНИ »