Вторник, 25 июня 2019 10:02

Дауды шешудің ең тиімді жолы

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

2016 жылдың қараша айында өткен Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев азаматтық дауларды шешуде татуласу рәсімдерін кеңінен қолдану жөнінде айтып өткен болатын, хабарлайды ақпараттық агенттігі «Кокшетау Азия».

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты тарапынан осы мақсатта даулардың жекелеген санаттары бойынша медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Пилоттық жобаның өткізу мерзімі 2017 жылдан бастап осы күндерге дейін. Аталған пилоттық жобаның қатысушылары болып кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі, мамандандырылған экономикалық, азаматтық істерді қарайтын аудандық және оған теңестірілген соттар, сондай-ақ, медиаторлар табылады.

Сонымен қатар, пилоттық жоба өз міндеттері ретінде халық арасында татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейтуді, азаматтардың сот шығындарын барынша азайтуды және халықтың соттан тыс дауды реттеу мүдделілігін анықтауды көздейді. Яғни, жобаның басты мақсаты даулардың жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылады.

Медиация институты елімізде 2011 жылдан бастап қолданысқа енгізіліп, осы қысқа мерзім ішінде өз өміршеңдігін көрсете білді. Медиация рәсімдерінің азаматтар арасында туындаған дауларды шешу барысында өзектілігі мен тиімділігі іс жүзінде толығымен расталды.Бүгінгі күнде көптеген азаматтар туындаған дау – жанжалдарды медиация тәртібімен реттеп, оның тиімділігін өз тәжірибелерінде көріп жатыр.

Азаматтық-құқықтық дауларды медиация тәртібімен реттеудің тиімді жақтарының бірі – талап арызды беру кезінде төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылады және істі сотта қарау барысында тараптардың жұмсалатын қаражаттары үнемделеді. Яғни, медиация рәсімдері нәтижесінде әр тарап өзіне тиімді шешімге қол жеткізеді және қаржысын үнемдейді. Себебі, сот шешімі шыққан жағдайда оған наразы жақ апелляциялық, кассациялық шағымдар келтірген кезде жоғары сатыда істі қарау барысында іске қатысушы тараптардан қосымша шығындар жұмсалатыны мәлім.

Қазіргі таңда еліміздің барлық деңгейлердегі соттарында азаматтарға дауларды татуластыру рәсімдері арқылы реттеу үшін барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, барлық соттардың ғимараттарында медиация кабинеттері жұмыс істеуде және бұл кабинет әрдайым келушілерге қол жетімді. Бұдан бөлек, қалалық және аудандық әкімшіліктерде медиация бұрыштары ашылған және кәсіби емес медиаторлардың тізімі жасақталған.

Бурабай аудандық сотының

судьясы

А.Ж.Абимуратова

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 329 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"