Среда, 12 июня 2019 17:28

Архив жұмысы туралы

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Архивтік жұмыс сот ісін жүргізудің құрамдық бөлігі болып табылады. Соттағы архивтің жұмыс сапасының деңгейі оның жұмысының маңызды көрсеткішінің бірі. Архив қызметкері 2016 жылдың 16 мамырында бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотыньң, Қазақстан Республикасы жергілікті және басқа да соттарының, Казақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың кызметін камтамасыз ету Департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) мен РММ соттар Әкімшісінің құжаттарын мемлекеттік архив мекемелеріне тұрақты және уақытша сақтауға жіберу, іріктеу, қалыптастыру тәртібі туралы Ережені өзінің күнделікті жұмысы барысында басшылыққа алып отырады. Бұл Ереже «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңнамаға, ҚР азаматтық-процестік кодексіне (келесіде - АПК), ҚР қылмыстық-процестік кодексіне (келесіде –ҚПК), ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне (келесіде - ӘҚК), «Ұлттық архив қоры мен архивтер» ҚР Заңнамасына, «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы», «Ұлттық архив қорының құжаттарын жəне басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық жəне жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы», «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» ҚР мәдениет және спорт Министрлігінің бұйрықтарына және басқа да нормативті құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.

Жыл сайын сот мұрағатына аяқталған істер, журналдар мен нарядтар, есептік-ақпараттық құжаттар тапсырылады. Архив жұмысының басты бағыты істерді есепке алу мен оларды беру. Судьялар мен сот мамандары архив істерін қызмет бабында қолдануға құқылы. Архив қызметкері істерді, материалдарды сақтауға қажетті жағдайларды жасайды(температура, ылғалдылық дәрежесі, бөлмені желдету, зең басу және т.б.), судья мен төрағаның рұқсатымен сұрау хаттар бойынша архив істерінен құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқаларын береді, сот архивінің журналын жүргізеді, құқықтық және басқа да құндылығы бар құжаттарды тұрақты сақтау үшін архивтік ұйымға берілетін істерді дайындап рәсімдейді, сот істерін, материалдарды, нарядтарды іріктеуді және т.б жұмыстарды орындайды.

Күн сайын сот архивіне жеке азаматтардан, ұйымдардан және лауазымдық тұлғалар атынан архивте сақтауда тұрған ақпарат бөлігін сұрау бойынша хаттар түсіп жатады. Бұл хаттарға жауап беру архив жұмысының едәуір бөлігін алады. Сот қызметкерінің бұл жұмыс түрі үш түрлі анықтама жасауға бағытталған: архивтік анықтама, архивтік үзінді мен көшірме. Сот архивіне көбінесе түрлі мәліметтерге

сұраныс жасалған хаттар келеді. Құжаттармен дұрыс ұйымдастырылған жұмыс, оларды архивке нақты тапсыру тәртібі, құжаттарды тиісінше сақтау мен қолдану соттың үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.

Сот істерін уақытында әрі сапалы түрде рәсімдеу, ғылыми және тәжірибелік құндылығы бар жалпы іс жүргізу құжаттарының нарядтарын қалыптастыру, олардың сақталуын қамтамасыз ету сот архиві мен іс жүргізу бөлімінің басты міндеті болып табылады.

Құжаттармен дұрыс ұйымдастырылған жұмыс, тұрақты сақтау үшін істерді(нарядтарды) уақытылы және білікті іріктеу (жинақтау), құжаттарды мұрағатқа нақты тапсыру тәртібі мен оларды тиісінше қолдану және сақтау сот қызметі туралы дұрыс анықтамалық және ғылыми ақпараттың жедел алуын қамтамасыз етеді. Бұл тарихи тұрғыдан ғана маңызды емес, сондай-ақ азаматтардың өткен жылдар бойынша қажетті ақпаратты алу құқығын қамтамасыз етілуі жағынан да маңызы зор.

Біржан сал аудандық сотының жетекші маманы

Жайық Әбетов

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 545 раз