Пятница, 29 марта 2019 17:29

Мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілген «Туған жер! Туған тіл!» облыстық эссе байқауының қорытындылары шығарылды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасының аясында Ақмола облысы жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында өткізілген «Туған жер! Туған тіл!» облыстық эссе байқауы өз мәресіне жетті, хабарлайды ақпараттық агенттігі «Кокшетау Азия».

Мемлекеттік қызметшілердің бойына патриоттық рухты сезіндіріп, мемлекеттік қызметшілердің латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиінің практикалық қолданылуын біртіндеп енгізу және оны кеңейту арқылы жаңа әліпбиге жүйелі өтуге жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен ұйымдастырылған байқаудың бірінші кезеңі облыстың аудандары мен қалаларында өткізілді.

Туған жері мен ана тілі туралы мақтанышпен жазылған үздік шығармалардың авторлары байқаудың облыстық кезеңіне қатысуға жолдама алды.

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Ғайша Жакиенова және оқытушысы Бибігүл Даирова, сондай-ақ Департаменттің бас маманы Сая Беккажанова құраған облыстық байқау комиссиясының шешімімен Бурабай ауданынан келіп түскен шығарма үздік деп танылып, оның авторы  Бурабай аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы Жасұлан Мажкеев байқаудың жеңімпазы болып атанды.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 750 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"