Вторник, 29 января 2019 17:54

Процестік келісім жасасудың талаптары

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Процестік келісім –бұл қылмыстық процестің кез келген  сатысында прокурор мен күдікті, айыпты немесе сотталушы арасында немесе сотталған адам арасында осы Кодексте көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жасалатын келісім.

Процестік келісімде қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасаған немесы қылмыс жасағаннан кейін психикасының бұзылуымен ауырған адамдармен жасауға болмайды.Процестік келісім жасасу адамды жәбірленуші және азаматтық талапкер болып танылған адамадардың алдында азаматтық- құқықтық жауаптылықтан босатуға негіз болып табылмайды.

Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісімде мынандай шарттар болған:

-күдікті, айыпталушы процестік келісім жасауға ерікті түрде ниет білдірген;

-күдікті, айыпталушы келтірілген күдікке, айыптауға және іс бойынша қылмысты жасағанына қолда бар дәлелдемелерге, өзі келтірген зиянның сипаты мен мөлшеріне дауласпаған;

-процестік келісім жасасуға жәбірленуші келіскен кезде жасалуы мүмкін.

Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы соттың кеңесу бөлмесіне кеткеніне дейін қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез-келген сәтінде кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтінішхат беруге құқылы. Сондай-ақ, процестік келісім прокурордың бастамасы бойынша жасалуы мүмкін.

ҚПК-тің 628-бабына сәйкес, мемлекеттік айыптаушы, сотталушы және оның қорғаушысы қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы барысында кінәні мойындау туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы. Кінәні мойындау туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат келіп түскен кезде судья сот талқылауын үзеді және тараптарға процестік келісім жасасу үшін ақылға сыйымды мерзім береді. Тараптар процестік келісімнің талаптары бойынша келісімге қол жеткізбеген кезде соттың қылмыстық істі қарауы жалпы тәртіп бойынша жалғастырылады.

Келісім жасалған жағдайда, қылмыстық іс келісімдік іс жүргізуде қаралады, төрағалық етуші сотталушыдан, қорғаушыдан процестік келісімді қолдайтынын-қолдамайтынын сұрайды.

Процеске қатысушылардың жасалған келісім туралы пікірін тыңдап, төрағалық етуші шешім шығару үшін келісу бөлмесіне кетеді. Сотталушы соттың шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кеткеніне дейін жасалған процестік келісімнен бас тартуға құқылы. Егер сот жазаның түрімен немесе мөлшерімен келіспесе, ҚПК-тің 623 –бабының 1 –тармағы 3 –тармақшасына немесе 626-бабының 1-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, жаңа келісім жасасу мүмкіндігін ұсына отырып, қылмыстық іс прокурорға қайтару туралы қаулы шығарады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 556-бабы 3-тармағына сәйкес,жеңілдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері, сондай-ақ процестік келісімнің барлық шарттары орындалған істер бойынша жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаның мерзімін немесе мөлшерін осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген жазаның анағұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімнің немесе мөлшерінің жартысынан асыруға болмайды.

Сотта жасалатын процестік келісім нысаны мен мазмұны бойынша ҚПК-тің 616 бабы бірінші бөлігі 1),2),3),4),5),6),7) және 8) тармақтарының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Егер сотталушы қылмыстар жиынтығын жасады деп айыпталып отырса, онда келісімде әрбір қылмыс үшін жазаның түрі мен мөлшері,сондай-ақ түпкілікті жазаның түрі мен мөлшері көрсетіледі.

Егер сотталушыға үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындалса, онда келісімде түпкілікті жазаның түрі мен мөлшері  де көрсетіледі. Келісім оған прокурор, сотталушы және оның қорғаушысы қол қойғаннан кейінжасалды деп есептеледі. Прокурор қол қойылған келісімді сот береді және істі келісімдік іс жүргізу шеңберінде шешу туралы өтінішхат береді. Қылмыстық процеске қатысушылар ҚПК-тің осы нормаларын дұрыс түсініп, оны кеңінен қолдана білсе, қылмыстық процесті жүргізуші органдар мен барша адамдар үшін тиімді болмақ.

Бас маман Зеренді аудандық сотының хатшысы С.Ж.Омарова

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 343 раз

Материалы по теме

© 2013-2018 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"