Среда, 23 января 2019 16:40

Мемкеттік тіл саясаты

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Тіл саясаты - тіл тағдырын белгілейтін мемлекеттік шаралар жүйесі. Тіл саясаты үғымы алғашында "ұлттық саясат", "шаруашылық саясат" терминдерімен қатар пайда болып, өзінің мазұны жағынан партиялық және мемлекеттік саясаттың ұлт мәселесіндегі тілге қатысты жағын білдірген. Ал, кейінірек бұл терминнің мазмұны кеңейтіліп, әлеуметтәк сөйлеу дәстүрін саналы бағытта басқару деп түсіндірілді,хабарлайды ақпараттық агенттігі «Кокшетау Азия».

Басқаша айтқанда, тілдік даму процесін және оны басқарудың стихиялығына жол бермеуді көздеген саясат болды. Тіл саясаты - тілдік дамуға қоғамның саналы ықпал етуінің теориясы мен тәжірибесі, яғни, қолданыстағы тілдерді белгілі бір мақсатта және ғылыми негізде басқару және тілдік жаңа қарым-қатынас қүралдарын жасау болып табылады. Қазіргі кезде ұлт тілдері мәселесі өзекті мәселе болып отыр. Адамзат тарихында жүздеген тілдер жойылып, өлі тілдерге" айналып кетті. Бәрінің де жойылу себебі - одан зор тілдің шығуы. Ал, оның өзі әділетсіз тіл саясатының салдары болып табылады.

фото

 Қазақстанның ұлттық саясатының бір тағылымы – мәдени плюрализм: әрбір этностық топтарға өз мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін сақтауға жағдай туғызу. Қазақстан Республикасы Ата Заңының 19-бабының 2-тармағында «Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқы бар» делінген. Елімізді мекендеген этностардың барлығында этномәдени бірлестіктер құрылған. Қазір Қазақстанда басқа ұлттар тілінде мектептер де ашылып, ұлттық театрлары да жұмыс істеуде.

Ұлттық саясаттың негізгі бағыттарының бірі – тiл саласы. Тұрақты даму – қазіргі әлемдегі қоғамдық процестердің ұтымды жүруінің негізгі өлшемі. Тұрақты дамудың алғы шарттарының бірі – ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығы. Көп ұлтты мемлекетте этностардың жарасты өмір сүруіне, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің сақталуына тіл саясаты ықпал етеді.Тілдік саясат тарихи тамырын сақтағысы келетін әрбір тіл мен адамның құқығын қорғауға негізделеді. Біздің қоғамымыздағы әрбір адамның өз ұлтының тілін сақтай отырып, басқа тілді үйренуіне барлық мүмкіндігі бар.

 Тіл өз халқының мәдениетін, өркениетін, әлеуметтік құрылысын, дүниетанымын бейнелеп қана қоймай, болашақ ұрпақты қалыптастыруда маңызды және шешуші рөл атқарады. Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы деп саналады. Әр халықтың тарихи дәуірдегі экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени қарым-қатынасы ең алдымен оның тілінен көрініс табады. Ұлт пен ұлтты бір-біріне деген сыйластық, сенім және салт-дәстүріне көрсетілетін құрмет жақындастырады. Соңғы жылдары әр түрлі этностардың мәдени бірлестіктері де өз тілдері мен салт-дәстүрлерін жаңғыртумен қатар, мемлекеттік тілді де меңгере бастады. Адам тілді үйреніп, білген сайын өзге ұлттардың жан-дүниесін түсіне бастайды. Халқымыз «Ел мәдениеті тілден басталады» дейді.

Ұлттық құндылықтарымызды қайта қалыптастыру, жандандыру, тілдерді дамыту, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру – тіл саясатының ең басты мақсаты болып табылады.

Ақмола облысының кәмелетке

толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

бас маманы - сот отырысының хатшысы                 

Әділбек Баймурзин.

  

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 405 раз

Материалы по теме

© 2013-2018 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"