Вторник, 15 января 2019 15:06

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 5 қазанында шыққан өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің Елбасы Н.Назарбаев мемелекетіміздің Тәуелсіздік жылдарында жасаған үлкен жұмыс көлеміне назар аударды.

Мемлекет саясаты мен мемлекеттік органдар жұмыстарының негізгі басымдылығы сипатында мемлекет Басшысы қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуін атады.

Н.Назарбаев белгілегендей мемлекетіміздің сот жүйесі одан әрі жаңғыруға мұқтаж, құқықтың ұлықтылығы – өткізіліп жатқан мемлекеттік реформалар табысының басты факторы.

Жолдауда сот жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстың негізгі бағыты ретінде төмендегілер көрсетілген:

-Сот пен озық электронды сервистер жұмыстарының заманауи форматтарын енгізуді жалғастыру;

-Сот жүйесі кадрларының сапалы дамуы мен жаңаруын қамтамасыз ету;

-Түсінікті және болжамды сот тәжірибесінің болуы.

Атап өтетін жағдай,  сотқа деген сенімді арттыру мақсатында тәуелсіздік жылдары үлкен жұмыс атқарылды: әділеттілікті жіберудің үшбуындық жүйесінің пайда болуы; электронды сот ісін жүргізуді енгізу және тағы басқалары.

Атап айтқанда, сот ісін электронды түрде жүргізуді енгізу аясында  «Сот кабинеті» электронды сервисі пайда болды, бұл арқылы үдеріске қатысушылар өздерінің талаптарын, өтінштерін сотқа жібере алады, шығарылған сот актілеріне шағым жасай алады, істің материалдарымен таныса алады, яғни үйден шықпай-ақ өздерінің процессуалдық құқықтарын толыққанды жүзеге асыра алады.

Бүгінгі күні жақтардың қатысуымен өтетін барлық сот отырыстары сот отырыстарын

аудиоға және видеоға жазуды қолданумен өтеді. Бұл үдерістің қатысушыларына да, сот мамандарына да ыңғайлы.

«Сот кабинеті» сервисінің аясында «Электронды сенім» қызметі жасалды, бұл «Сот

кабинеті» сервисіне тіркелген қолданушыларға сенім хаттарды сотқа электронды түрде жіберуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ҚР-ның Президенті Н.Назарбаев өзінің Жолдауында бастысы – сотқа деген

жоғары деңгейдегі сеніммен қамтамасыз етуінің жоқтығын атап өтті.

Осыған орай ҚР-ның Жоғарғы сотына ҚР-ның Үкіметімен бірлесе отырып 2018 жылдың аяғына дейін соттардың жұмыстарына заманауи форматтарды енгізуге қатысты шаралар жиынтығын жасау; сот жүйесі үшін кадрлардың дайындық сапасы мен жаңаруын қамтамасыз ету; тұрақты және түсінікті сот тәжірибесін өңдеу тапсырылған.

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы М.БАЙГЕЛОВ.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 518 раз
© 2013-2018 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"