Среда, 26 декабря 2018 15:56

Елбасының мақаласын насихаттау

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(2 голосов)

2018 жылдың 21 қарашасында жарық көрген Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың "Ұлы даланын жеті қыры" атты мақаласында тарихымыздың жеті қыры ашылып, алдағы уақытта алты негізгі ірі жобаны жүзеге асыру айқындалды. Әрине, бағытты тиісті түрде ұстап, алға қойған мақсатты орындаған кезде Қазақстан бүкіл түркі әлемінің бесігіне айналары сөзсіз. Өзімізді өркениеттен мақұрым санамай, өзімізді, тарихымызды тануда мақаланың маңызы орасан зор.

Қазақ тәуелсіздікке қол жеткізгенше талай рет тепкіге ұшыраған ұлт, алдымен Патшалық Ресейдің, кейін КСРО-ның отарында болдық, ал қазіргі таңда қазақтың маңдайына оңайлықпен алынбаған егемен Елімізде тұрып, өз түп-тамырымызды біліп, ұлттық тарихымызға терең үңілетін уакыт келді.

Жылқыны қолға үйрету, адамзат көшінің жылжуын, тіпті сол көштің пайда болуын қамтамасыз еткен бірден-бір құрал десек, оны істеген біздің бабалар. Бабаларымыздың металлургиямен айналысуы, одан түрлі бұйымдарды жасауы, оның ішінде көздің жауын алатын зергерлік бұйымдардың жасалғандығы жоғары мәдениетіміздің орын алғанын көрсетеді. Мақаладағы бағытты жүзеге асыра отырып, Қазақстан әлемдік өркениеттегі өзінің ойып алар орны бар мемлекет екенін ғылыми фактілер арқылы дәлелдейді. Әрине, алға қойған мақсаттарды Қазақстанның барлық аумағында тұратын этнос өкілдері бір атаның баласындай ат салысуы тиіс.

Елбасымыздың мақаласында: «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» -деп әрбір қазақстандықтың мойнына артылған сенімді ақтау біздің міндетіміз деп білемін.

Шортанды аудандық сотының судьясы                                      

 А.К.ЖАРКЕНОВА

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 355 раз
© 2013-2018 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"