Понедельник, 24 декабря 2018 10:49

Төл тарихын білетін,бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

ҚР президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады» деп қорытындылап, көрсетілген барлық жоспараларды даралай келе, осылай өз ойын түйіндеді. Ал мен керісінше, бұл түйіннен шабыт алып, өз төл тарихымызға көз жүгіртіп, жаңғыртуды насихаттау қажет деп ойлаймын.

Насихаттаудың мағынасында оны тек анықтау, зерттеу мәселесі ғана емес оны жаңғырту, сәйкестендіру, ұрпақтың санасына жеткізу болып табылады. 

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көтерілген мәселелер жан-жақты ой еле¬гінен өткізіп, терең зерделеуді талап ете¬ді. Сондай-ақ, біздің дүниетанымы¬мы第дың, халқымыздың өткені мен бү¬гі¬ні¬нің және болашағының іргелі негіз¬де¬ріне тікелей қатысты. Бұл жұмысты бірнеше ірі жобалар ар¬қылы бастауға болады деп ойлаймын.

Мәселен, ҚР «Сот» жүйесіне «Билер сотын» еңгізу жобасын ұсынғым келеді. Қазақ билері — ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған.

Қазақ билері әділ және елге сыйлы болуға тиісті болатын. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері:

  • • Төле би (1663—1759 жж.)
  • • Қазыбек би (1667—1764 жж.)
  • • Әйтеке би (1644—1700 жж.) Қазақ халқының бұл билері елді үш жүздіңбірлігін сақтауға шақырды.

Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билербар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. (Мысалы, бұл қағидаларға Абай да үлкен мән бергені және кезінде өзі жасаған заң жобасында ескергені белгілі.)

Билер кеңесі — дәстүрлі қазақ қоғамында өкілетті негізде қызмет атқарған ең жоғарғы кеңесші орган.

Астрахан аудандық сотының судьясы Ж.С.АХМЕТОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 419 раз
© 2013-2018 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"