Четверг, 20 декабря 2018 17:23

Бәсекеге қабілетті маман - қоғам сұранысы

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Қазақстан Республикасының Президенті Н.ӘНазарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында (12 сәуір 2017 жыл) әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағыттарын атап өтті.

Соның ішінде, болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт XXI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында» - деп кез келген сала маманы үшін маңызды болып табылатын бәсекелік қабілетке үлкен мән береді. 

Сонымен бірге «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында (2018 жылғы 5 қазан): креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамыту және командада жұмыс істей білуге дағдыландыруды ерекше атап көрсетеді.

Елбасының жолдауларындағы осындай мақсаттар болашақ мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары алдына өз елінің тарихын бiліп, оны бағамдап бағалай алатын, ұлтының жетістігімен мақтана алатын білімді жастарды тәрбиелеу міндеттерін қойса, ал сот ісі саласындағы қызмет атқарып жатқан мамандар үшін біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру арқылы іске асырылады.  

 «Білім – мол қазына қоймасы, ал оны ашатын кілт – тәжірибе» деген тұжырым, мұндай курстардың сапалы білімді, табысты мамандар тұлғасын қалыптастырудағы алатын орнын айқындай түседі. Сондай-ақ белгілі философ Альфред Норт Уайтхэд, психолог Ховард Гарднердің «Белсенді түрде оқу және сыни ойлау өмірде қолданыс табатын білімді береді» деген ой-пікірімен ұштасады.

ро123

Екінші маңызды бағыт - прагматизм. Мұнда да Елбасының төл тарихимызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады деген тұжырымды ойы заң ғылымы саласындағы, атап айтқанда, бабалар Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би дәстүрін жалғастыруды және олардың тәжірибесін тереңірек зерттеуді, оны тәжірибеде кеңірек қолданудың қажеттілігін көрсетеді.

Ал алдағы іске асырылуы тиіс міндеттердің біріне латын әліпбиіне көшуді жатқызуға болады.

Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы саналатын «Ұлы даланың жеті қыры» (21 қараша 2018 жыл) мақаласы үлкен қызығушылықпен оқыған әрбір адамның санасына ой салары анық.

Зеренді аудандық сотының

судьясы Шолпанқұлова Күлпаш

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 858 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"