Четверг, 20 декабря 2018 17:13

Рухани жаңғыру ұрпағымыздың бағдары

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

 Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаң¬ғыру» атты  мақа¬ла¬сын үлкен назар қойып оқып шықтым. Осы мақалада ұлт көшбасышымыз елдің бүгіні мен келешегі туралы ойларын – қуатты сезіммен жүректен өткізе отырып  жазғандығын, тебірене сыр шерткендігін байқадым. Оның Отанымызға, елімізге, ұлттық құндылық¬тарға деген сүйіспеншілігін оятады.

Ұлттық бірлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және білімділікке ұмтылу Елбасының мақаласы алтын арқау болып отыр. Тәуелсіздіктің нығаюы, дамыған елге айналуымыз үшін қазақстандықтар алға батыл қадам басып, жоғары технологияларды меңгеруі, озық стратегиялармен жарақтануы, халықаралық коммерциялық һәм концептуалды жоба¬ларды ілгерілетуі маңызды. Бұл – Қазақстан көшбасшысы айтқан «бәсекеге қабілет¬тіліктің» шартына айналды.

 Снимок

Мақалада Президентіміз ла¬тын әліпбиіне 2025 жылдан бастап көшу туралы айтып кетті. Бүгінде әлем латын әліпбиінде сөйлейді. Сондықтан бәріміз бұл бастаманы қолдаймыз. Елбасының Қазақстанның үшінші жаңғыруына байланысты ойларын қолдай келе, оны жүзеге асыру үшін еліміздің азаматтары бәсекеге қабілетті, білімді болумен қатар, дұрыс тәрбие алу керек. Тәрбиесіз бі-лім – сусыз диірмен. Сондықтан тәрбие мен білімді қатар жүргізуіміз қажет. Елбасы бағдарламаларда, жолдауларда көптеген маңызды мәселені көтеріп келеді. Көтерген мәселенің барлығы болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқандығы бәрімізге мәлім. Бірақ сол айтылған жоба-жоспарларды жүзеге асыра алмай жатқанымызда өзімізге мәлім. 

 Осы мақалада сананың ашықтығы мен таңдаған кәсібімізді адал атқарып, жаңа білімге ұмтылу керекктігі айтылды. Әрбір атқарылып жатқан істе  ашықтық пен адалдық керек екендігі айтылып жатыр, яғни елімізге, жерімізге деген адалдығымыз, ұлтымызға деген сүйіспеншілігіміз арта беруі керек.  Елдің тату сүріп жатқан  татулығын, бірлігін, тұтастығын мақтан  етуіміз қажет. Осы басты көрсеткіштермен дамыған 50 елдің қатарына қосылдық. Енді біздің алдымызда тұрған мақсат, ол дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Ол үшін бірлік, білім мен еңбек қажет.

Зеренді аудандық сотының

кеңсе меңгерушісі

Арман Маратұлы Дүйсенбаев

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 474 раз
© 2013-2018 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"