Четверг, 06 декабря 2018 12:34

АЗАМАТТЫҚ ІСТЕРДІ БҰЙРЫҚ АРҚЫЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІНДЕ ҚАРАУ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 134-бабына сәйкес, сот бұйрығы сот актісі болып табылады, оны өндіріп алушының ақшаны өндіріп алу немесе борышкерді және өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сот талқылауынсыз, даусыз талаптар бойынша борышкерден жылжымалы мүлікті талап ету туралы арызы бойынша судья шығарады.

Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады. Сот бұйрығы бойынша өндіріп алу сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

ҚР Азаматтық процестік кодексінің 135-бабында қарастырылғандай, сот бұйрығы келесі талаптар бойынша шығарылады:

1) нотариат куәландырған мәмілеге негізделген міндеттемелерді орындау туралы;

2) орындау мерзімі жеткен және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен өндіріп алушыға жіберілген кінә қоюға жауапта мойындаған жазбаша мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы;

3) төленбеген вексельдің наразылығына, акцептінің болмауына және нотариус жасаған акцептінің күні белгіленбеуіне негізделген міндеттемені орындау туралы;

4) әке (ана) болудың анықталуына немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттігіне байланысты емес кәмелетке толмаған балаларды бағып-күтуге арналған алименттерді өндіріп алу туралы;

5) жеке тұлғалардан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні және өсімпұлдарды, сондай-ақ кеден төлемдері, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өндіріп алу туралы;

6) қызметкерге есептелген, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы, оның ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы аударымдарын аудару туралы;

7) уәкілетті органдар мәлімдеген борышкерді, жауапкерді және (немесе) баланы іздестіру жөніндегі шығыстарды өтеу туралы;

8) лизинг шартына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лизинг затын талап ету туралы;

9) ломбард кепіл беруші-борышкерге ұсынған кредитті қайтару мерзімі өткеннен кейін өндіріп алуды кепіл затына аудару туралы;

10) қосымша шығыстарды өндіріп алу туралы талаптарды қоспағанда, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтарған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы;

11) іс жүзінде тұтынылған қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалары) үшін жария шарттардың, сондай-ақ төлеу мерзімі жеткен, белгіленген тарифтерге сай көрсетілген қызметтер үшін өзге де шарттардың негізінде берешекті өндіріп алу туралы;

12) келісімшарт әскери қызметшінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, әскери қызметті өткеру туралы келісімшартта көзделген біржолғы ақшалай сыйақыны өндіріп алу туралы;

13) оқуды не қызметті өткеруді өз қалауы бойынша тоқтатқан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша шартта көзделген мерзім өткенге дейін жұмыстан босатылған немесе оқудан шығарылған оқу орындарының курсанттарын оқытуға жұмсалған сомаларды өндіріп алу туралы;

14) оқуын тоқтатқан не шет мемлекетте оқу орнын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасына қайтып оралмаған немесе грантты қайтару жөніндегі шартта көзделген міндеттемені бұзған адамдардан мемлекеттік гранттарды өндіріп алу туралы;

15) ауылдық жерге жіберілген жас мамандар шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда олардан мемлекеттік гранттарды, көтерме жәрдемақыларды, жәрдемақыларды өндіріп алу туралы;

16) бала асырап алудың күші жойылған жағдайда, жетім баланы және (немесе) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты төленген біржолғы ақшалай төлемді бюджетке қайтару туралы;

17) жалдау төлемдерінің жалдау шартында белгіленген мерзімдерде төленбеуіне байланысты оларды өндіріп алу туралы;

18) қылмыстық қудалау органы қысқартқан қылмыстық істер бойынша процестік шығындарды өндіріп алу туралы.

Мәлімделген даусыз талаптың мәні бойынша сот бұйрығын судья арыздың сотқа келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарады.

Сот бұйрығы ол шығарылғаннан кейін келесі күннен кешіктірілмей оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып, борышкерге тапсырылуға немесе жіберілуге тиіс.

Борышкер мәлімделген талапқа қарсылығын сот бұйрығын шығарған сотқа сот бұйрығының көшірмелерін алған күннен бастап немесе оның шығарылғаны туралы оған белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жіберуге құқылы.

Егер борышкерден белгіленген мерзімде мәлімделген талапқа қарсылық келіп түссе не, егер сот бұйрығында құқықтары мен міндеттері қозғалған басқа да адамнан шығарылған сот бұйрығының заң талаптарына сәйкес еместігі туралы арыз келіп түссе, судья сот бұйрығының күшін жояды.

2018 жылдың 10 айында Көкшетау қалалық сотымен бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібімен 4050 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 2954 - іс жүзінде тұтынылған қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалары) үшін жария шарттардың негізінде берешекті өндіріп алу туралы, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтарған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы – 517, кәмелет жасқа толмаған балаларға алимент өндіру туралы - 444, орындау мерзімі жеткен және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған 135 .

Көкшетау қалалық сотының бас

маманы-сот отырысының хатшысы                                       

О.Ә. СҮЛЕЙМЕНОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 96 раз
© 2013-2018 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"