Среда, 16 мая 2018 10:45

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола облысында судьялар тағайындалды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Ақмола облыстық сотының жалпы отырысында облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров Көкшетау қалалық сотына тағайындалған судья Жұмабекова Ақмарал және мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына тағайындалған судья Ақпанова Айгүлді таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» 2018 жылғы 4 мамырдағы Жарлығымен Көкшетау қалалық сотының судья қызметіне Жұмабекова Ақмарал Есіл аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып және мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судья қызметіне Ақпанова Айгүл Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы қызметінен босатыла отырып тағайындалды.

Досжан Әміров тағайындалған судьяларды құттықтады және оларды ұжымға таныстыра отырып, олардың жұмыстарына табыс тіледі. Төраға судьяларға сот төрелігін сапалы іске асырып, заң үстемдігін қамтамасыз етуге тапсырды.

Ақмола облыстық сотының

баспасөз қызметі

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 897 раз