Пятница, 20 апреля 2018 10:39

Есіл аудандық сотының төрағасы соттың 2018 жылғы 1 тоқсанының жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Есіл аудандық сотының төрағасы Қазбек Әбішев журналистер үшін сот жұмысының 2018 жылғы 1 тоқсанының қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

2018 жылдың 1 тоқсаны ішінде Есіл аудандық сотында 212 азаматтық іс қаралды, оның ішінде  7 азаматтық іс оңайлатылған іс жүргізуде қаралып, 134 іс сот бұйрығын шығарумен, 12 азаматтық іс медиацияны қолданумен және партисипативтік тәртібінде тоқтатылды.

Сотпен 15 қылмыстық іс қаралды, оның ішінде 4 қылмыстық іс медиацияны қолданумен тоқтатылды.

Тергеу судьямен 21 өтініш хат қаралды.

94 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралып, келесі әкімшілік жазалар тағайындалды: 33 азаматқа әкімшілік айыппұл, 34 азаматқа әкімшілік қамаққа алу, 23 азамат арнайы көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды, 4 азаматқа ескерту берілді.

 Төраға брифингте 2018 жылдың 1 тоқсанында сотқа «Сот кабинеті» сервисі арқылы 222 электронды талап арыздар мен 119 әкімшілік іс  түскені туралы айтып өтті.

Есіл аудандық соты

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 1108 раз Последнее изменение Пятница, 20 апреля 2018 10:42

Похожие материалы (по тегу)

© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"