Понедельник, 02 апреля 2018 09:50

Сот кабинеті – оңайлатылған сот өндірісінің құралы

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әділ сот төрелігі халықтың барлық топтары үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуді, бұл істе электронды ресурстарды кеңінен пайдалануды тапсырған болатын. Бүгінгі күнде сот органдарының ақпараттық жүйелерін одан әрі жетілдіру мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Электрондық сот ісінің жеделдігі мен оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ оған азаматтардың қашықтан қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ресми сайтында «Сот кабинеті» сервисі іске қосылды.

«Сот кабинеті» - бұл сот органдарының онлайн сервистеріне және көрсететін қызметтеріне қол жеткізетін сервис. Осы арқылы жеке және заңды тұлғалар өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта, үйден, кеңседен шықпай-ақ, интернет желісі арқылы өтініш пен арызды электрондық түрде жібере алады, мемлекеттік бажды онлайн режімінде төлеп, сот құжатын, сондай-ақ істің бүкіл тарихын қарап, сот актісін басып шығара алады және аталған істің процессуалдық мерзімдерін де қарауға мүмкіндік бар.

«Сот кабинеті» сервисін қолдану үшін сот ісіне қатысушы ҚР Ұлттық куәландыру орталығының электрондық сандық қолтаңбасын алу және оны пайдалану арқылы «Сот кабинетінде» тіркеу рәсімінен өтуге тиіс.

Ұсынылатын құжаттардың үлгісі мен мазмұны ҚР Азаматтық процесстік кодекстің талаптарымен бекітіледі. Өтініш жолданған соң, оның тіркелгені жөнінде электронды хабарламалар туралы келісімге ие болады.

«Сот кабинеті» сервисін қолдану қағазбастылықтан арылтып, сот ісін жүргізуді жеңілдетіге өз үлесін қосады.

Н.Е.Мусина,

Ақмола облысының

мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотының кеңсе меңгерушісі.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 861 раз