Среда, 21 февраля 2018 17:36

«Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде толық қолдану – біздің міндетіміз»

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Тіл туралы Заң Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөнiндегi мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз етедi.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi.

Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. 

Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасалған.

Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз.

Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет.

Президентіміз Н.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді, әрі ата-баба алдындағы ұлы парызымыз», яғни «Өз тілін сүйген адам ғана Отанын шын сүйе алады» немесе «Балаларыңды қазақша оқытпасаңдар, қазақша сөйлемесендер, сендерді кім сыйлайды?» деген сөздері көңілдегі күдікті сейілтіп, рухтандырады, сондай-ақ өзіңе үлкен міндет жүктері даусыз.

Сот жүйесінде қазақ тілін қолдануды насихаттауға, оның қолданылу аясын кеңейтуге қатысты шаралар өткізіліп, судьялар мен сот қызметкерлерінің мемлекеттік тілде жазылған мақалалары БАҚ-та жарияланып, мемлекеттік тілді сот жүйесінде қолдану бойынша көмекші құралдар, сөздіктер және тағы басқа да құралдар берілуде.

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген салиқалы да салмақты ой кім-кімді де бейжай қалдырмаса керек. Мемлекеттік тілді білу, оны жетік меңгеру – уақыт талабы. Десе де, тіл мәселесіне қатысты жасалып жатқан іс-шараларымен шектеліп қалмай, оң нышандарымен шыңдала түссек деген тілек бар. 

Егіндікөл аудандық сотының

кеңсе меңгерушісі Ф.Мусина

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 2176 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"