Среда, 31 января 2018 18:33

«Айыппұл орнына ескерту»

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 127-VI Заңымен Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБ туралы К) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру мерзімін бұзу» 460-бабына өзгертулер енгізілді.

       «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұлға құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілейтін құжаттар берілген кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.

      Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді бұзуы Қазақстан Республикасының заңында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Осыған дейін ӘҚБ туралы К бабының нормасы айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікті қарастырса, қазір аталған заңмен бастапқы бұзушылық кезінде «ескерту» түріндегі жаза қарастырылған.

Жаңа редакцияда ӘҚБ туралы К 460-бабы былай көрсетілген:

  1. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзуы – ескерту жасауға әкеп соғады.
  2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет –жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

Шағын статистика келтірмен, ӘҚБ туралы Кодекстің 460-бабы бойынша әділет органдары 958 әкімшілік іс (2016ж. -936) қозғады, 822 жеке тұлға (2016ж.-797) қарады және -9 631 905 теңге (2016ж.-8 823 360) сомасында айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартты, 136-заңды тұлға (2016 жылы -123) -9 019 275 теңге (2016ж.- 5 217 660) сомасында айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартты. Келтірілген статистикадан байқалғандай, айтарлықтай болмаса да өткен жылы қозғалған істер мен айыппұл түрінде ақша салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың өскені көрінеді.

«Ескерту» түріндегі ӘҚБ туралы К-не өзгерістерді қабылдау дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Меншік құқығы» рейтингісінде Қазақстанның позициясын көтеру үшін Әділет министрлігінің шараларының бірі болып табылады.

Ақмола облысы Әділет департаменті

Жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу бойынша жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы,

Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі   Ж. Жакулина

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 865 раз
Другие материалы в этой категории: « На пороге «цифровой эпохи» Медиация »