Четверг, 12 октября 2017 16:51

СУДЬЯЛЫҚ ӘДЕП КОДЕКСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ

  • Добавить комментарий
Оцените материал
(0 голосов)

Мемлекет басшысы заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында сот жүйесін реформалау үшін 18 нақты қадам жасау, оның 11-і сот жүйесімен байланысты, соның ішінде жаңа әдеп кодексін әзірлеу қажеттігін белгіледі.

Жаңа судьялар кодексінің мақсаты заң үстемдігін жүзеге асыруға сенім негізі ретінде судьялардың жүріс-тұрыс стандарттарын (қағидаттарын) белгілеу және онда судьялардың кәсіби және қызметтен тыс қызметін қолдану бойынша практикалық ұсыныстарды бекіту болып табылады. Судьялық әдеп кодексінің ережесі Қазақстан Республикасының барлық судьяларына, соның ішінде отставкадағы судьяларға таралады.

Соған байланысты кодексте, қоғам судьялардың кәсіби саладағы, және де жеке өмірдегі жүріс-тұрысына жоғары талап қоятындықтан қоғам сенімінің шарты және сот билігіне қатысты құрмет болып табылатын, сот жүйесінің тиімді жұмысына кепілдік беретін  кәсіби қызметте және ішкі сот саласында судьялардың жүріс-тұрыс стандарттары мен талаптары белгіленді. Мұндай көзқарас сот төрелігі саласындағы халықаралық ұсыныстармен және стандарттармен келісіледі. 

Бұл ретте судьялардың жүріс-тұрыс қағидалары мен міндеттері олардың құзыреттілігін, тәуелсіздігін және адалдығын қамтамасыз ету бойынша талаптарын ескере отырып қалыптасты, оларды әрбір азамат, қоғам негізгі міндеттері адамның құқықтарын қорғау болып табылатын соттардан және судьялардан күтуге құқылы.

Өзінің жылсайынғы Қазақстан халқына жолдауында Н.Ә.Назарбаев қоғам алдында жоғары міндеттер қояды, олар еліміздің жаңадан қарқынды дамуымен танылған. Осылай, құқық қолдану практикасын жетілдіру және құқықтық тәртіпті нығайту бағыттардың бірі болып белгіленді.

Осыған байланысты, судьялардың тәуелсіздігі қағидатын нақты жүзеге асыру үлкен маңызға ие, ол құрылымдық, ұйымдық, тәртіптік және әдептілікті қосқанда әртүрлі аспектілерде көрініс алуы мүмкін, олардың әрқайсысына осы қағидатты жүзеге асырудағы реттеуші рөл берілген.

Судьялардың құқықтық мәдениеті жағдайы олардың әлеуметтік кемелділік деңгейінің көрсеткіші болып табылады және олардың қол жеткізген кәсіби даму деңгейін көрсетеді.

Судьялар үшін кәсіби құқықтық мәдениеттің маңызы зор, оған құқықтық кәсіптілік пен кәсіби әдеп қосылады. Істерді қараған кезде заңдарды қатаң сақтау және процесті жүргізу мәдениеті өзара байланысты.

Әдеп кепілдігі де маңызды болып табылады. Судьялардың жүріс-тұрысының негізгі қағидаттары Судьялық әдеп кодексінде бар, оның кіріспесінде келесі айтылған: «Судья белгіленген жүріс-тұрыстың жоғары стандарттарына талпынуға және тәуелсіздік пен оған деген құрметті нығайту үшін оларды ұстануға тиіс». Сондай-ақ негізгі қағидаттарда судьяның құрмет пен сот билігінің мәртебесін ұстанушы болып табылатыны туралы ереже бекітілген.

Сот жүйесін ұйымдастыру ерекшелігі соттарда, және де әр түрлі сатыдағы соттардың арасында дара басшылық пен бағыныштылықтың болмауы. Судьялар Республика Конституциясына және заңға ғана бағынулары тиіс.

Судьялық әдеп түсінігін өзіне берілген ерекше мәртебені теріс пайдаланбай,  өзіне деген талапшылдық, өз біліміне сенімділік деп түсінуге болады.

Судьялардың жұмысының келесі қағидаттары негізгі әдеп өлшемдері болуға және ұстануға тиіс: жариялылық, кез келген қалаған адамның сотқа қатысу мүмкіндігі; сот процестерінің дыбыс жазбасын жүргізу арқылы сот процесінің барысын жазу; судьяның жүріс-тұрысы, оның объективтілігі және адалдығы, сыпайылығы; сот процесінің ұзақтығы, оның істің мән-жайын толық анықтауға ықпал етуі: кінәсіздік презумпциясы және оны сақтау: айғақтарды өзгерткен кездегі судьяның жүріс-тұрысы, қылмыстық процесте сотталушылардың, азаматтық процесте тараптардың және әкімшілік процесте құқық бұзушылардың тергеу кезінде мәжбүрлеу шараларын қолдануға, сондай-ақ дәлел алудың заңсыз әдістерін қолдануға шағымдарына ықпалы; соттарды материалдық қамтамасыз ету (жайлар бөлу, қаржыландыру); соттардың білікті кадрлармен қамтамасыз етілгендігі; судьялардың жүктемесін талдау; сот актілерін орындауға сот бақылауының тиімділігі; - істерді қарау мерзімдері; істерді жоғары тұрған соттармен объективті қарау, оларға мүдделі адамдардың қатысуы, жоғары тұрған соттардың тарапынан бақылау, сот қателерін түзету, осы көрсеткіштің пайдасы мен зияны; сот қателерін түзетудегі үкіметтік емес ұйымдардың  құқық қорғау рөлі: сот жүйесінің бұқаралық ақпарат құралдарымен сыпайы өзара іс-қимылы.

Жоғарыда көрсетілгенді қорытындылай келе, құқықтық мәдениет, сот талқылауы, сондай-ақ ондағы сот төрелігі шешімінің кепілі ретінде судьялардың рөлі мен жүріс-тұрысы, құқықтық мәдениетті жасаушы, ұстанушы және құқықтық мәдениетті іске асырушы болып табылатын судьялардың шығармашылығы ғана емес, судья сот билігіне, тергеуге, жалпы мемлекетке деген құрмет пен мәртебенің субъектісі болатын негізгі әдеп ережесі деген қорытынды жасауға болады.

Бахытжан Жарылгасов,

Ақмола облысының кәмелетке

толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының судьясы

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 65 раз

Добавить комментарий

© 2016 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"
Яндекс.Метрика