Среда, 03 августа 2016 13:08

Ақмола облысының судьялары қашықтықтан оқыту тәртібімен өткізілген дәріс сабағына қатысты

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ақмола облысы соттарының әкімшілік істерді қарайтын, Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, жалпы юрисдикция аудандық соттарының облыс судьялары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен қашықтықтан оқыту тәртібінде ұйымдастырылған дәріс сабағына қатысты, деген ақпаратты Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі таратады.

Дәріс сабағын кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын, ғарыш қызметі саласындағы, сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар тақырыптарына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының судьялары Ж.Ермағамбетова және М.Балкен онлайн режимде өткізді.

Бейне дәрісте Алматы қалалық сотының судьясы Н.Құрманғалиев кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар тақырыптарына сөз сөйледі. Сонымен қатар, осы саннатағы қаралған істері бойынша судьялардың сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, Қызылорда облыстық сотының Кеңсесінің судьясы З.Нұрсеитов ғарыш қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар тақырыптарына сөз сөйледі.

Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Айкенова сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы айтты.

Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Ермағамбетова, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормативтік қаулысының жобасы қаралуда деп атап өтіп, және сот практикасындағы әкімшілік құқық бұзушылқ тұралы сұрақтарды талқылады.

Жоғарғы Сотының судьясы М.Балкен судьяларға сот төрелігін жүзеге асырудың сапасы үшін Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің істерді қарау кезінде өзгерістер мен толықтыруына назар аударуды тапсырды. 

Дәріс сабағын қорыта келе судьялар қойылған сұрақтарына барынша толық жауаптарын алды. 

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 1259 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"