Пятница, 15 июля 2016 18:13

Судьялардың кәсіби білім деңгейін жетілдіру бойынша тренинг өз жұмысын қорытындылады

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Бүгін Ақмола облысы Бурабай кентінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру» Еуропалық Одағының жобасымен өткізілген судьяларға арналған тренинг жұмысын аяқтады, деген ақпаратты Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі таратады.

DSC 6574 500x391Екі күн бойы жергілікті соттарда сот білімін жетілдіру бойынша жұмысты үйлестіруші облыстық және оларға теңестірілген соттарының судьялары халықаралық сарапшылар Томас Паттерсон және Стивен МакКракенмен кәсіби оқыту бойынша білім алмасты.

Судьялар оқыту сабағының мақсатын құрастыруға, сабақты жоспарлауға, көрнекі құралдарды қолдану мен аудиторияның назарын аударту дағдыларына үйренді.

Екінші күні тренингте судьялар топтармен жұмыс істей отырып, оқыту шеберлігінің дағдылары мен икемділікті бекітіп, еуропалық стандарт бойынша оқыту стилі мен әдістерін қолдануды үйренді.

Трениг қорытындысы бойынша судьяларға «Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру» Еуропалық Одақ жобасы аясында жаттықтырушыларды оқыту курстарына қатысқандығын куәландыратын сертификаттар табысталды.

DSC 6571 500x333Тренинг судьялар үшін оқыту іс-шараларды ұйымдастыру сұрақтары бойынша пікір мен тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік берді.

Судьялар жоба басшысы Уильям Ирвайн мен халықаралық сарапшыларға ұйымдастырылған тренинг үшін алғыс білдіріп, тренингтен алған білім мен дағдылар оқытушылық қызметте қажетті кәсіби шеберлікті дамытуға септігін тигізеді деп атап өтті.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 1120 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"