Пятница, 20 апреля 2018 13:06

Қ.Әбдірахманов Түркия президенті Р.Т.Ердоғанмен кездесті (видео)

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Қ.Әбдірахманов Түркия президенті Р.Т.Ердоғанмен кездесті

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Түркияға жасаған ресми сапары барысында осы елдің мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоғанның қабылдауында болды, осыны туралы «Кокшетау Азия» АА деп хабарлайды  24.kz

Екіжақты кездесуде сыртқы істер ведомство жетекшісі Түркия президентіне Елбасының сәлемі мен игі тілектерін жеткізді. Өз сөзінде Тайып Ердоған Қазақстан көшбасшысының алдағы уақытта түрік еліне жоспарланған сапары аясында бірқатар экономикалық келісімшартқа қол қойылатынын атап өтті. Тараптар көлік, ауылшаруашылығы, кіші және орта бизнес пен туризм салаларында ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтуге ниет танытып отыр. Басқосуда халықаралық және аймақтағы өзекті мәселелер де назардан тыс қалмады. Қос мемлекет Шам еліндегі шиеленісті шешуде Астана процесінің рөлін бірауыздан жоғары бағалайтынын айтып, бұл бағыттағы келелі келіссөз жалғаса береді деп сендірді. Сондай-ақ Қайрат Әбдірахманов Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің төрағасы Исмайыл Кахраманмен де кездесті. Отырыста тараптар парламентаралық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады. Сыртқы істер министрі Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануына және еліміздің халықаралық бастамаларына қолдау білдіргені үшін түрік үкіметі мен мәжіліс төрағасына алғысын білдірді. Осы категория бойынша: « Анкарада Қайрат Әбдірахманов Мевлют Чавушоғлымен кездесті

Осы тақырып бойынша Анкарада Қайрат Әбдірахманов Мевлют Чавушоғлымен кездесті.

Трамп Ким Чен Ынмен кездесудің қандай жағдайда кенеттен тоқтайтынын айтты

Түркияда президенттік сайлау мерзімінен бұрын өтеді.

Әлемге әйгілі футболшылар Дубайда жолдастық кездесу өткізді Қ.Әбдірахманов Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрімен кездесті

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 310 раз Последнее изменение Пятница, 20 апреля 2018 13:22
© 2013-2018 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Яндекс.Метрика
Разработка - Веб студия "IT.KZ"