Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке басқаруға бере алады
1 шілдеден бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтары сомасының 50%-дан аспайтын бөлігін жеке басқаруға бере алады, деп хабарлайды LS. Еңбек министрлігінің ақпаратына сәйкес, салымшы зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компанияға аударған кезде оның жинақтарын басқа басқарушы компанияға аудару не Ұлттық банктің, яғни БЖЗҚ-ның басқаруына қайтару құқығы сақталады. «Мемлекет Ұлттық банктің басқаруындағы жинақ бойынша ғана зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік…
