
Қазақстандықтардың зейнетақы активтері шетелдік компаниялардың басқаруына берілді
Шетелдік компанияларға қазақстандықтардың $3 млрд-дан астам зейнетақы ақшасы сеніп тапсырылды, деп хабарлайды LS. Ұлттық банкте LS-тің ресми сұрауына жауап ретінде ағымдағы жылдың 12 сәуіріне жинақтаушы зейнетақы қоры (ЖЗҚ) активтерін басқаруға сегіз шетелдік компания тартылғаны айтылды. Бұл ұйымдарға қазақстандықтардың $3,42 млрд жинақтары немесе зейнетақы қорының 9,7% сомасы берілді. Барлығы «Жаһандық акцияларға» $1,7 млрд тиесілі, оның ішінде…