Jusan Bank кәсіпкерлер үшін несие алу процесін жеңілдетті
Қазақстан кәсіпкерлеріне «Даму» қорының кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары бойынша онлайн несиелер алу жеңілдедi. Енді онлайн өтінімді Jusan Business қосымшасында беруге болады. Бүгін Алматыда Jusan Demo Day алаңында корпоративтік клиенттер үшін өзінің цифрлық жетістіктерін таныстырды. Jusan Bank цифрлық өнімдерді құрастыру департаментінің директоры Андрей Гусаковтың айтуынша, Jusan Business қосымшасында өтінім рәсімдеу физикалық қызмет көрсетуден 10 есе жылдам болмақ. …